Суретшілерді әсем табиғат , әдемі заттар мен жануарлар әлемінен бөлек адамдар мен олардың кәсібі де қызықтырады.
Бейнелеу өнерінің тұрмыстық жанры адамдардың өмірі мен олардың күнделікті тіршілігін, қуанышы мен уайымын көрсетеді. Бұл жанр ертеде пайда болды, жартастарға салынған суреттерден адамдардың аңшылық кәсібін байқауға болады. Кейінірек суретшілер қандай да бір іс үстіндегі, әңгімелесіп тұрған адамдарды бейнелейді. Ежелгі египеттіктер пирамида қабырғаларын тұрмыстық бейнелермен өрнектеген. Қазір бұл картиналардың фрагменттері әлемнің ең ірі мұра жайларында сақтаулы. Тұрмыстық жанр ерте кезден суретшілердің жанына жақын. Әдетте аталған жанрда суретшілер өздерінің замандастарын бейнелеген. Тұрмыстық жанрды Жетісу өңірінде орналан Тамғалы петроглифтерінен де кездестіресің.