Жаңа зат

- жаңа зат ала аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Қорытпа деген не?
2. Заттардың суда ерігіштігі дегенді қалай түсінесің?
3. Не үшін адамдар жаңа заттар жасап шығарады деп ойлайсың?

Іңкәр зерттеу жүргізуді ұсынады.

Зертте

  Мақсаты: жаңа зат алуға болатынын дәлелдеңдер.
  Болжам жасаңдар
  Болжамдарыңды мына сөздерден бастаңдар: «Белгілі бір жағдайда заттарды араластырып,…».
  Өз болжамдарыңды тексеріңдер
  1-топ
  1. Колбаны (отқа төзімді) алыңдар, оған 100 мл су құйып, бір шай қасық крахмал салыңдар. Суық суда крахмал қандай күйге ұшырағанына мән беріңдер.
  2. Қоспа салынған колбаның астын отпен қыздырыңдар. Колбаны қысқышпен абайлап қысып ұстап тұрыңдар.
  3. Қыздырғанда қоспаның қандай күйге ұшырағанын бақылаңдар.
  4. Қорытынды жасаңдар.
  5. Дәптерлеріңе нәтижесін жазыңдар.

  2-топ
  1. Екі ауызды колбаны алыңдар. Жоғарғы аузын шыны түтікшелі тығынмен жабу керек. Колбаның бүйіріндегі аузынан соданы салыңдар. Содан соң осы жерден лимон шырынын құйып, тығынмен жабыңдар.
  2. Колбадағы сода мен лимон қышқылы қандай күйге түскенін бақылаңдар.
  3. Жоғарғы аузындағы түтікке (өте абайлап) жанған сіріңкені жақындатыңдар. Не болады?
  4. Қорытынды жасаңдар.
  5. Дәптерлеріңе нәтижесін жазыңдар.

Білу үшін оқы

  Белгілі бір қасиеті бар заттар алу үшін ғалымдар алдымен қандай заттар қажет екенін анықтап алулары керек. Содан кейін қажетті нәтижеге қол жеткізу үшін қандай жағдай жасау керектігін анықтап алған абзал.
  Ғалымдар жаңа затты зерттеп білу үшін қалай жұмыс істейтінін оқып, біліп ал.
  1. Қандай зат алу қажет екенін (оның қасиетін болжау) анықтау.
  2. Бастапқы заттарды таңдап алу, әр қоспаның мөлшерін анықтау.
  3. Қандай шарттар болу (температура, қысым, оттегінің болуы) керектігін анықтау.
  4. Алынған заттың қасиетін тексеру.

  Жаңа затты алған кезде бастапқы заттар өзара әрекеттеседі. Мұндай әрекеттесуді реакция деп атайды.

Қызықты деректер

• Алюминий – күміс ақшыл түсті, жеңіл металл. Оған кез келген пішінді беру оңай. Ол темір сияқты тоттанбайды. Одан асүй ыдыстарын және өндірісте қолданатын жұқалтыр (фольга) жасайды. Осы қасиетіне байланысты алюминий авиация мен авиағарыш саласында қолданылады. Алайда алюминийдің бір кемшілігі – беріктігі төмен. Сондықтан алюминий құрылымдарды дайындау үшін таза күйінде қолданылмайды. Әдетте оны аздаған мыс пен магний қосып қорытады. Қорытпа дюралюминий деп аталады.
• Өнеркәсіпте көбінесе таза металдар емес, олардың қорытпалары қолданылады. Қорытпалардың бағалы қасиеті – олардың жаңа қасиеттері болып табылады. Мысалы, алтын да, мыс та өте жұмсақ металдар, ал мыс пен алтын қорытпасы әлдеқайда қатты.
• Кейбір металл қорытпалары «есте сақтау» әсеріне ие. Осы қасиеттің арқасында белгілі бір температураға дейін қызған кезде осындай қорытпадан жасалған деформацияланған бұйым өзінің бастапқы түріне келе алады. Бұл медицинада қолданылады.

Сабақты қорытындылау

1. Жаңа зат алу жолын түсіндір.
2. Неліктен барлық зат таза түрде қолданыла алмайды?

  Қазақстан аумағында өндірілетін металдардың қорытпалары туралы ғаламтордан ақпараттар тап.

×
×

Корзина