Жанартау атқылау барысында жылу, шаң және газ көп мөлшерде ауаға түседі. Жанартаудың күлі мен шаңы 30–40 километр биіктікке дейін көтеріледі. Күл мен шаң бірнеше ай бойы тұнып тұрып қалады да, ауаның күрт сууына алып келеді. Күшті жел шаңды бұрқыратып, ауаны бұл да ластайды. Автомобиль транспорты, фабрика, зауыттар жұмыс істеген кезде ауаға көп мөлшерде зиянды заттар араласады.
Ауада зиянды заттардың мөлшері артып кеткен кезде тұмша пайда болады. Тұмша көбінесе зауыт, фабрика, бензин және дизельді жанармаймен жүретін транспорты бар ірі қалаларда болады.
Қазақстанда «Қоршаған ортаны қорғау туралы Заң» бар. Бұл Заңда барлық экономикалық нормалар мен ережелер біріктірілген. Яғни бұл Заң атмосфералық ауаны қорғаудың құқықтық, экономикалық және әлеуметтік негіздерін анықтайды. Егер өнімдер қорғау талаптарына жауап бермесе, оларды қолдануға тыйым салынады.