§56. Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын шешу жолдары

Бұл тақырыптың оқу мақсаты: Қазақстанның экологиялық проблемаларының шешу жолдарын ұсыну.

Биогеоценоз дегеніміз не? Әртүрлі ластағыш заттардың биогеоценозға әсері қандай? Жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлемінің алуантүрлілігін сақтау үшін тиімді ғылыми негізделген табиғат пайдаланудың маңызы неде?

Тақырыпты табысты меңгеру үшін 9-сыныптан 7–8-параграфтарды қайталау керек.

  Қазақстанның ерекше қорғалатын табиғи аумақтары. Қазақстанда қорықтандыру iсiнiң тарихы табиғат, ескi заман және өнер ескерткiштерiн қорғау туралы Түркiстан комитетi (1922) құрылғаннан берi есепке алынып, жүргiзiлiп келедi. Бұл бастапқыда Қызылордада, соңынан Ташкентте орналасып, алғашқы қорықтарды Қазақстанның оңтүстiгiнде – Батыс Тянь-Шаньда Ақсу-Жабағылы, Қаратау тауларында палеонтологиялық және дәрiлiк жусандарды қорғау үшiн Арал алабында қорықтар құру туралы шешiм шығарды.
  «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» (1997) заңға сәйкес Қазақстанда ерекше қорғалатын табиғи аумақ (ЕҚТА) 13 түрдi белгiледi. Бұл заңның жаңа редакциясында (2004) республикалық мәнi бар сапта тек қана 9 қалдырылды:
  • мемлекеттiк табиғи қорықтар;
  • мемлекеттiк ұлттық табиғи саябақтар;
  • табиғи сақтамақорлар;
  • табиғи қорықшалар;
  • мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi;
  • мемлекеттiк қорықты аймақтар;
  • мемлекеттiк зоологиялық саябақтар;
  • мемлекеттiк ботаникалық бақтар;
  • мемлекеттiк дендрологиялық саябақтар.

55-сурет. Қазақстан Республикасының ерекше қорғаудағы табиғи аумақтары (Биологиялық саналуандылықты сақтау және баланс жасап пайдалану бойынша ұлттық стратегия және ықпал жасау жоспары)

  Сөйтiп, осы заманғы заңнама бойынша қорғалатын табиғи аумақтар санына хайуанаттар паркi, дендропарктер және ботаникалық бақтар тәрiздi антропогендi бiлiмдер де енгiзiлдi.
  ЕҚТА-ның негiзгi типтерi қорықтар, ұлттық саябақтар, қорықшалар және табиғат ескерткiштерi болып табылады (55-сурет).
  Қорық сөзi қору сөзiнен, яғни тыйым салынған, қол сұғуға болмайды деген түсiнiктен шыққан. Бұл аумақты шаруашылыққа пайдалануға болмайды, яғни табиғат заңы бойынша адамның араласуынсыз дамып келе жатқан табиғат эталоны (үлгi) ретiндегi экожүйе. Мұнда адамдардың жаппай тынығуына және кез келген шаруашылық әрекеттерiне: аң аулау, балық аулау, ағаш шабу, мал жаю, пiшен шабу, жидек және саңырауқұлақ теру, пайдалы қазбалар өндiруге толық тыйым салынған.
  Ұлттық табиғи саябақтар ерекше экологиялық, тарихи және эстетикалық құндылығы бар (табиғи және мәдени ландшафттардың қолайлы үйлесуi) табиғи кешендердi сақтау үшiн түзiледi. Олар ағарту, ғылыми және мәдени мақсаттарға пайдаланылады. Мұнда туризм, халықтың тынығуы және лицензия бойынша жануарларды атып алу iске асырылады.
  Табиғи қорықшалардың әртүрлi бағыттары бар. Ботаникалық қорықшаларда мал жаюға, шөп шабуға, ағаш шабуға болмайды. Аңшылық қорықшаларда аң аулау, балықшаруашылығында балық аулау ережелерi қатаң сақталады. Геологиялық, ландшафттық және басқа қорықшалардың өз шектеулерi бар.
  Табиғат ескерткiштерi дегенiмiз – бұл өзiнiң үлкен ғылыми, тарихи, оқу-ағарту және мәдени-эстетикалық мәнi бойынша қорғауға жататын табиғи нысандар. Олардың шағын табиғи меже (тоғай, көл, аңғар және жағалау үлескiлерi), сондай-ақ жеке нысандар (сирек және тiректiк геологиялық ашылым, сарқырама, үңгiр, минералды қайнар, сұңғатты жартас т.б.) болуы мүмкiн.
  Қазақстанда 2010 жылдың аяғында 10 қорық, 11 ұлттық саябақ, 51 республикалық мәнi бар қорықшалар және 26 мемлекеттiк табиғат ескерткiштерi жұмыс iстедi (9-кесте).

9-кесте. Қазақстанның негiзгi қорықтары бар аймақтары

  Қазақстанда бiр жылдан соң 2005 жылдың аяғында тiзбеленген саптардың барлығы 113 ЕҚТА болды (қорықтар мен ұлттық саябақтар саны бұрынғысынша қалды). «Қазақстанның қорықтары және ұлттық саябақтары» көркемсуреттi альбомында (2006) барлық көрсеткiштер келтiрiлдi.
  Қорғау штаттары тек қана қорықтарда, ұлттық саябақтарда, кейбiр қорықшаларда, хайуанаттар саябағында, дендросаябақтарда және ботаникалық бақтарда болады. Қорықтық аймақ дегенiмiз – бұл қорықтары бар аумақ немесе акватория. Мұнда шаруашылық үшiн пайдалануға болмайтын режим сақталып, қорғау штаты да, әкiмшiлiк те болмайды. Каспий теңiзi акваториясының солтүстiк бөлiгi 20 жыл осындай аймақ болды. Мұнда бекiре тұқымдас балықтар мен каспийлiк итбалықтарды сақтау жорамалданды. Алайда тап осы жерде, осы жылдарда геофизикалық барлау өткiзiлiп, мұнай өндiру жүзеге асырылды. Сөйтiп, қорықтық аймақ тек қана қағазда жазылып қалды.
  Қазiргi бар қорықтарда Қазақстан Республикасының көптеген омыртқалы жануарлары сақталуда (10-кесте).

10-кесте. Қазақстан қорықтарындағы омыртқалы жануарлардың түрлiк өкiлдерi

  Қазақстанда ЕҚТА-ның экологиялық торабын жасау. Қазақстанның қорықтары белгiлi ландшафттар эталоны ретiнде жасалды. Бастапқыда қорықтарда батыстық және солтүстiктiк Тянь-Шань тауларының үлескiлерi фауналық және флоралық жағынан едәуiр бай болып жарияланды. Бұдан соң оларға Орталық және Солтүстiк Қазақстанның көлдер жүйесi, одан да кейiнiрек алтайлық ормандар және Үстiрттiң бiрден-бiр шөл кеңiстiгi қосылды. Осы заманғы Қазақстанда таулы ландшафттар (Тянь-Шаньда – 3, Алтайда – 2 қорық) толығырақ көзге iлiктi. Кiшiрек құрлық үлескiлерi бар көлдi экожүйелер (Қорғалжын, Наурызым және Алакөл) өте көрiктi, шөл қорықтары (Үстiрт және Барсакелмес) онша тартымды емес. Сондықтан Қазақстан үшiн жаңа қорықтар ашу маңыздырақ. Әсiресе әр алуан шөл типтерi және шөлейттер, ксерофиттi аласа таулар т.б. биомдар жеткiлiктi қамтылмаған.

  Қорықша, қорықтық аймақ, қорық, ұлттық саябақ, ЕҚТА (ерекше қорғалатын табиғи аумақ) табиғат ескерткіштері.

Білу және түсіну:
1. Неге қорғалатын табиғат аумақтарын жасау маңызды болып саналатынын түсіндіріңдер.
2. Қорғалатын аумақ типі және антропогендік әсерді шектеу дәрежесі арасындағы байланысты анықтаңдар.

Қолдану:
1. Қазақстанда қандай қорғалатын аумақ түрлері бар? Салыстырыңдар. Мысалдар келтіріңдер.
2. Қорық пен қорықшаның ұқсастығы мен айырмашылығын айтыңдар.

Талдау:
1. Ғаламдық климаттық өзгерістерге әкелетін үдерістерді сызба түрінде бейнелеңдер.
2. Тропиктік орманды кесу себептері мен салдары туралы пікірлеріңді айтыңдар.

Синтез:
1. Неліктен тарихтан бұрынғы замандарда жанартау белсенділігі жоғары кезде озон тесігінің түзілуі және ғаламдық жылыну туралы мәселе болмады?
2. Шынайы жағдайда өрттен жылына қаншама тіршілік иесі жойылатынын бағалаңдар.

Бағалау:
1. «Орманды жасарту» технологиясын қолдану және оның жылыжай эффектісінің жасалуына әсері туралы реферат жазыңдар.
2. Ғылыми-техникалық прогресс заманында табиғат ресурстарын (орман ағаштарын кесу, техногендік ластану, тұщы суды пайдалану және т.б.) пайдаланудың экономикалық және экологиялық салдарын бағалаңдар. Неге кейбір адамдар үшін экономикалық жеңіл табыс пайдалы, ал жалпы адамзат үшін аса қауіпті болуы мүмкін екенін түсіндіріңдер.

Талдау:
1. Қазақстандағы барлық қорықтарға сипаттама беріп, сызба немесе карта түрінде бейнелеңдер.
2. Табиғат ескерткіштері мен ұлттық саябақтар арасында түбегейлі айырмашылықтар бар екенін мысалдармен дәлелдеңдер.

Синтез:
1. Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын қалай дамытуға болады?
2. Қорғалатын жаңа табиғат аумақтарын қай жерде ұйымдастыруды ұсынасыңдар? Жауаптарыңды негіздеңдер.
3. Қазақстан аумағындағы барлық қорғалатын нысандарды Солтүстік, Батыс, Шығыс, Орталық және Түркістан аймақтары бойынша жүйелеңдер.

Бағалау:
1. Көрші мемлекеттердегі немесе жалпы дүниежүзіндегі қорғалатын табиғат аумақтарының дамуы туралы реферат жазыңдар.
2. Ғалымдардың мына пікірлерін талқылаңдар: «Зообақтар, ұлттық саябақтар, ботаникалық бақтар және қорықтар мен қорықшалар бүгінде жойылып бара жатқан көптеген өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің «генетикалық қоры» болып қалады».

×
×

Корзина