А
Автолиз (өздігінен ыдырау) – өз ферменттерінің әрекетімен жануарлар, өсімдіктер және микроағзалар ұлпаларының, жасушаларының немесе солардың бөліктерінің өздігінен асқорытуы.
Автотрофтар – денесін құру үшін көміртектің бірден-бір негізгі көзі ретінде СО2-ні пайдаланатын және СО2-ні ассимиляцияға арналған ферменттер жүйесі ретінде пайдалана алатын, сондай-ақ жасушаның барлық құрамды бөліктерін синтездей алатын ағзалар.
Агглютинация – микробтар, эритроциттер және жасушаның басқа бөліктерінің жабыса және түйіршіктене тұнуы (біркелкі қалқыма).
Адаптация (көндігу) – ағзаның қоршаған ортаға бейімделуі; осындай бейімделулердің туындау үдерісі.
Аденозиндифосфат, АДФ (аденозинекіфосфат, АДФ) – аденин, рибоза және фосфор қышқылының екі қалдығынан құралған нуклеотид.
Аденозинмонофосфат, АМФ (аденозинбірфосфат, АБФ) – аденин, рибоза және фосфор қышқылының бір қалдығынан құралған нуклеотид.
Аденозинтрифосфат, АТФ (аденозинүшфосфат, АҮФ) – аденин, рибоза және фосфор қышқылының үш қалдығынан құралған нуклеотид.
Адреналин – бүйрекүсті қыртысының, ми қабатының гормоны.
Азотфиксация – азотты шегендеуші бактериялардың басқа ағзаларға қолайлы болуы үшін азот қосылыстарын түзіп, ауадағы молекулалық азотты сіңіруі.
Актин – бұлшық ет талшығының нәруызы.
Альбедо – беттен шағылысқан күн энергиясы мөлшері мен оған түсетін энергия мөлшері арасындағы айырмашылық.
Алкалоидтар – көбінесе өсімдіктекті азотты ағзалық қосылыстар.
Аллель – пайда болған белгінің біреуін бақылайтын ген нұсқасы.
Альбинизм (түссіздік) – жануарлар мен адамда жабынның және көздің нұрлы қабығының реңденуінің туа пайда болмауы; жоғары сатыдағы өсімдіктерде – бүкіл өсімдікте немесе оның жеке бөліктерінде жасыл реңнің болмауы.
Альтернативті (баламалы) – екі немесе бірнеше мүмкіндіктен біреуіне мүмкіндік беру.
Аминқышқылдар – ағзалық қышқылдар; өсімдіктер мен жануарлар нәруыздарының негізгі құрылыс бөлігі.
Амитоз – күрделі бөліну (митоз) айналымынан тысқары хромосомалар түзбей созылу жолымен жасушаның тікелей бөлінуі.
Анаболизм – ассимиляцияларға сәйкес ағзада зат алмасу реакцияларының жиынтығы.
Анаэробтар – оттек болмаған кезде тіршілік ете алатын ағзалар.
Антигендер – ағза туысы бөлек және ерекше иммунды реакция туғызатын бөгде зат ретінде қабылдайтын заттар.
Антиденелер – туысы бөгде (тегіжат) заттармен өзгеше байланысатын және иммунитетпен қамтамасыз ететін қарапайым нәруыздар.
Антропогендік факторлар – адамның іс-әрекетіне байланысты қоршаған ортаға кез келген ықпал жасау.
Аутосомалар – екі жыныста да бірдей жыныссыз хромосомалар.
Аэробтар – тек қана бос оттек бар ортада тіршілік ететін және дами алатын ағзалар.
Б
Бактериялар – жасуша құрылысы ядросыз типті микроағзалар.
Бактериофагтар – бактериялар вирусы.
Бациллалар – кез келген таяқша пішінді бактериялар.
Бивалент – мейозда өзара қосылған біркелкі хромосомалар жұбы.
Бионика – едәуір жетілдірілген техникалық жүйелерді немесе құрылғыларды жасау мақсатында ағзалардың құрылыс ерекшеліктерін және тіршілік әрекетін зерттейтін биологиялық және кибернетикалық бағыттардың бірі.
Биосинтез – биологиялық өршіткілердің – ферменттердің ықпалымен тірі ағзаларда өтетін едәуір қарапайым қосылыстардан ағзалық заттардың түзілуі.
Бластула – бластулану кезеңіндегі көпжасушалы жануарлардың ұрығы.
Бластулану – көпжасушалы жануарларда ядроның бөлшектену кезеңінің соңғы фазасы; ұрық бұл кезеңде бластула деп аталады.
В
Вегетативті көбею – жыныссыз көбею түрі; өскен ағза денесінің жеке бөлігі (қалемше, бүршіктену) немесе ағзаның түрін өзгерткен бөліктері (түйнек, пиязшық, тамырсабақ) арқылы көбеюі.
Вектор – генетикалық ақпаратты тасымалдауға арналған гендік инженериядағы жасанды генетикалық құрылғы; бактериялардың, вирустардың плазмидалары (өсімді денелері) вектор ретінде пайдаланылады.
Г
Газ алмасу – ағза мен қоршаған орта арасында газдардың алмасу үдерістерінің жиынтығы.
Гамета – жануарлардың және өсімдіктердің ұрпақтану жасушасы.
Гаметогенез – жыныс жасушасының (гаметаның) дамуы.
Гаплоид – дара хромосома (гаплоидты) жиынтығы бар ағза (жасуша, ядро); латынша n әрпімен белгіленеді.
Гаструла – көпжасушалы жануарлардың гаструлалану кезеңіндегі ұрығы.
Гаструлалану – барлық көпжасушалы жануарлардың ұрығында екі алғашқы – сыртқы (эктодермалар) және ішкі (энтодермалар) – ұрық қатпаршақтарының оңашалану үдерісі.
Гемодиализ – қанды бүйректен тыс тазарту әдісі.
Ген – тұқымқуалаушылықтың қарапайым өлшем бірлігі; бір полипептидті тізбекті немесе бір РНҚ молекуласын кодқа жазатын ДНҚ үлескісі.
Генетикалық код – нуклеотидтердің реттілігі түрінде нуклеин қышқылдарының молекулаларына тұқым қуалау ақпаратын жазатын тірі ағзаларға тән бірегей жүйе.
Геном – хромосоманың гаплоидты жиынтығының ДНҚ молекулалар жиынтығы; ағзалардың белгілі бір түрі гендерінің толық жинағы.
Генотип – тап осы ағзаның талданатын белгілерін бақылайтын ген аллелінің немесе гендер тобының жиынтығы.
Генофонд – тап осы популяция, популяциялар тобы немесе түрдің дараларында болатын гендер жиынтығы.
Гендердің дрейфі – шектеулі мөлшердегі популяциялары кездейсоқ бағытталмаған гендер жиілігінің өзгеруі.
Гетерогаметалық – хромосома жиынтығында бір хромосома (ХО типті) немесе айырмашылықтары бар хромосомалар (Х және Y) жұбы бар, соның салдарынан әртүрлі гаметалар түзу.
Гетерозис – будандардың ата-ана формаларының бірқатар белгілері мен қасиеттері бойынша басымдылығы.
Гетеротрофтар – көміртек көзі ретінде ағзалық заттарды пайдаланатын ағзалар.
Гетерозиготалар – гомологиялық хромосомаларында қандай да бір геннің әртүрлі аллелі болатын ағза немесе жасуша.
Гибрид – бір-бірінен айырмашылығы бар геномдардың бірігуі нәтижесінде алынған ағза.
Гомеостаз – биологиялық жүйелердің өз құрамы мен қасиеттерін тұрақтандыра алуы.
Гомозигота – біркелкі хромосомаларында бір тектің ұқсас аллельдері бар диплоидты немесе полиплоидты жасуша немесе ағза.
Гомологиялық хромосомалар – құрамында бірдей гендердің жиынтығы бар және морфологиясы бірдей диплоидты жасушаның хромосома жұбы.
Гормондар – арнайы бағытқа салынған жасушалар синтездеген және басқа мүшелер мен ұлпаларға мақсатты әрекет көрсететін биологиялық белсенді заттар.
Д
Денатурация – қыздыру, химиялық өңдеу және т.б. нәтижесінде нәруыздардың, нуклеин қышқылдарының және басқа биополимерлердің молекулаларының табиғи пішін үйлесімінен айырылуы.
Дивергенция (белгілердің ажырауы) – әртүрлі орта жағдайларына бейімделу есебінен туыстас түрлер белгілерінің ажырауы.
Диплоидты – хромосомалардың қосарланған екі жиынтығы (2 п).
Диурез – (грек. diureo – нәжісті шығарамын) – сүтқоректілерде нәжіс шығару үрдісі.
Дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) – тірі ағзалардың жасушаларында болатын жоғары полимерлік табиғи қосылыстар. Гистон нәруыздарымен бірге хромосома затын түзеді.
Доместикация (қолға үйрету) – жануарларды қолға үйрету, жабайы жануарларды үй жануарларына, сондай-ақ жабайы өсімдіктерді мәдени өсімдіктерге өзгерту.
Доминанттылық – гетерозиготалы дараның белгілі белгісіне тек қана бір аллельдің қатысуы.
Ж
Жасушалық айналым – митоздық бір бөлінуден екінші бөлінуге дейінгі жасуша тіршілігінің аралығы.
Жасушалық қосындылар – алмасудан немесе оның соңғы өнімдерін уақытша шығарылған заттардың түзілімі болып саналатын цитоплазманың құрамдас бөлігі.
Жыныссыз көбею – жынысты үдерістің болмауымен және жыныс жасушалары-ның қатысынсыз көбею.
З
Зигота – әртүрлі жыныс гаметаларының қосылуы нәтижесінде түзілетін жасуша; ұрықтанған жұмыртқа.
И
Идиоадаптация (ортаға көндігу) – жергілікті орта жағдайларына өзгеше бейімделу.
Изоляция (оқшаулау) – түрішілік топтар мен жаңа түрлердің оңашалануына апаратын бір түр даралары арасында еркін шағылыстың болмауы немесе қиыншылығы.
Иммунитет – ағзаның өз бүтіндігі мен биологиялық даралығын қорғауға икемділігі.
Инбридинг – жақын туыстық шағылыстыру.
Интерфаза – екі бөліну аралығындағы жасушалық айналым сатысы.
Интерферон – вирустық жұқпа кезінде ағза жасушаларында түзілетін нәруыз.
К
Кариограмма – кариотиптің графикалық бейнелеуі.
Кариокинез – жасуша ядросының бөлінуі.
Кариотип (кариотип) – қандай болса да бір түрдің хромосома жиынтығы.
Катаболизм, д и с с и м и л я ц и я (ыдырау) – азықтан немесе ағзадағы сақтамақордағы түсетін күрделі ағзалық заттардың ыдырауына бағытталған тірі ағзадағы ферментті реакциялардың жиынтығы.
Класс (класс) – биологиялық жүйелеудегі жоғарғы таксономиялық санаттың бірі. Туыстас отрядтарды біріктіреді.
Клон – жыныссыз көбею жолының бір ататегінен өтетін жасушалардың немесе дараларының жиынтығы.
Кодоминанттық – гетерозиготалы дара белгісін анықтаудағы екі аллельдің қатысы.
Кодон немесе триплет (кодон, үшеселеу) – генетикалық кодтың өз алдына біртұтас бөлшегі, РНҚ-ның үш нуклеотидтен тұратын әсері.
Конвергенция (ұқсастық) – ортаның ұқсас жағдайларына бейімделу салдарынан туыстас емес түрлерде ұқсас белгілердің тәуелсіз дамуы.
Купрофан – мысты-аммиакты тәсіл арқылы алынған материал. Диализ жасауда мембрана ретінде қолданылады.
Л
Лейкемия – қан түзетін мүшелер жүйесінің қатерлі ауруы. Қан түйіршіктерінің (эритроцит, тромбоцит) саны азайып, лейкоциттердің саны көбейіп кетеді.
Лизис (еріту) – еріткіштік әсері бар лизосомаларда немесе басқа құрамдардағы ферменттердің әрекетімен жасушалардың бұзылуы және еруі.
Липидтер – барлық тірі жасушалардың құрамына енетін майтәріздес заттар. Липидтердің барлығы суда нашар ериді.
М
Мезодерма (ортанғы қабат) – көптеген көпжасушалы жануарлардың ортанғы ұрық қатпаршағы.
Мейоз – жасушалардың ерекше бөліну жолы; соның нәтижесінде хромосомалар саны өзгереді және жасушалар қосарланған күйден жалқыланған күйге өтеді.
Метаболизм – зат алмасу.
Микроэволюция – түр популяцияларында өтетін және олардың тек қорларын өзгертуге және жаңа түрлер түзуге апаратын эволюциялық үдерістердің жиынтығы.
Митоз – ядролы жасушалардың негізгі бөліну жолы.
Модификация (түрлендіру) – тұқымқуаламайтын өзгеріс.
Мутаген – өзгеріс жиілігін арттыратын физикалық және химиялық фактор.
Мутагенез – физикалық немесе химиялық мутагендердің әсерінен жасанды өзгеріс алу.
Мутант – ағза пішінін өзгерту нәтижесіндегі тұқым қуалау өзгерісі.
Мутация – тұқым қуалау өзгерісі; геннің өзгеруі.
Н
Нейрула – жүйкелік тақташалану кезеңіндегі желілілердің ұрығы.
Нуклеин қышқылдары, полинуклеотидтер – жанды табиғатта жан-жақты таралған фосфорлы биополимерлер.
Нуклеотид – ядросыз жасушаның құрамында ДНҚ-сы бар аймағы.
Нуклеопротеидтер – нәруызы бар нуклеин қышқылдарының күрделі жиынтығы.
Нуклеотидтер – пурин немесе пиримидин негізінен көмірсу және бір немесе бірнеше фосфор қышқылының қалдықтарынан құралған ағзалық заттар.
О
Овуляция – сүтқоректілердің жетілген жұмыртқа жасушаларының (ооциттердің) аналық безден дене қуысына шығуы.
Олиготрофтар – қоректік заттар шоғыры төмен ортада дамитын ағзалар.
Онтогенез – алғашқы жыныс жасушасынан жетілген жұмыртқаға дейінгі аналық жынысының ретті үдерістерінің жиынтығы.
Ооцит – өсу және даму кезеңдеріндегі жануарлардың аналық жасушасы.
Оперон – бір немесе бірнеше тектерден құралған, бір биохимиялық реакциялар тізбегіне қатысқан код жазатын нәруыздар, ядросыздардың транскрипциялық өлшем бірлігі.
Организаторлар (жаратушылар) – іргелес үлескіге ықпал тигізетін және оларды белгілі бағытта дамуға бағыттайтын ұрықтың белгілі үлескісі.
Органогенез – мүшелер бастамасының түзілуі және көпжасушалы ағзалардың онто- немесе филогенезі барысында оларды саралап жіктеуі.
Органоидтер – жасуша тіршілік әрекеті үдерісінде ерекше қызмет атқаруын қамтамасыз ететін тұрақты жасушалық құрылым. Мембраналық органоидтер – плазмалық жарғақша, ядролық қабық, эндоплазмалық тор, Гольджи жиынтығы, лизосомалар, митохондриялар, пластидтер. Мембраналық органоидтер – хромосомалар, рибосомалар, центроильдер, цитоқаңқалар, талшықтар.
П
Партеногенез – аналық жыныс жасушасы ұрықтанбай дамитын жыныстық көбею формасы.
Плазмидалар – жасуша үшін тіршілік қажеттілігі жоқ ДНҚ хромосома молекулалары.
Полиплоидия (еселену) – хромосомалар сандарының еселеніп артуы.
Полисахаридтер – жоғары молекулалы көмірсулар, қарапайым қанттар сол полимерлердің мономерлері болып есептеледі.
Популяция – ортақ тектік қоры бар және белгілі аумақты алып жатқан бір түр дараларының жиынтығы.
Постэмбрионды даму (ұрық соңынан даму) – жануарлар ағзаларының қабықтан шыққаннан кейінгі немесе жыныстық жетілуге дейінгі даму кезеңі.
Р
Радионуклидтер – радиоактивті ядролар және атомдар.
Регенерация (қалпына келу) – ағзаның жойылған немесе зақымданған мүшелерді және ұлпаларды қалпына келтіруі, сондай-ақ оның бөлігінен тұтас ағзаны қалпына келтіруі.
Редукция (кері даму) – ататектік формаларда немесе онтогенездің едәуір ерте сатыларында қалыпты дамыған мүшенің жетілмей қалуы немесе толық жойылуы.
Резус-фактор – адамның және бенгалдық мешіннің эритроциттері құрамында болатын бөгде ген (антиген).
Рекомбинация (қайта үйлестіру) – мейоздағы гомологиялық хромосомаларды айқастыру және тарату нәтижесінде ұрпақта ата-аналық генетикалық материалды қайтадан үйлестіріп орналастыру.
Ренатурация (қайтадан табиғиландыру) – биополимер молекулаларының денатурацияланған күйден биологиялық белсенді күйге қайта өтуі.
Репликация (еселену, көшірмелеу) – генетикалық ақпаратты дәлме-дәл көшірмелеуді және оны ұрпақтан ұрпаққа беруді қамтамасыз ететін нуклеин қышқылдары макромолекулаларының өз еркінсіз жаңадан өндіру үдерісі.
Рецессивті (басыңқылық) – бір аллельдің және гетерозиготалық дараның фенотипті көрінісінің болмауы.
С
Селекция (сұрыптау) – адамға қажетті белгілері бар іріктемелер, өсімдік будандары және жануарлар қолтұқымы, икроағзалар себіндісін шығару әдістері туралы ғылым.
Споралар – жыныссыз көбею қызметін атқаратын кейбір өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың арнайы бағыттағы жасушалары.
Т
Таксон – жүйелеуде қабылданған ағзалардың топтасуы (мысалы, түр, туыс, тұқымдас).
Терминатор (шектеуші) – кез келген РНҚ синтезі аяқталатын ДНҚ үлескісі.
Токсиндер (уыт) – кейбір микроағзалар, өсімдіктер және жануарлар түзетін улы заттар.
Трансгенез – жануарлар, өсімдіктер және микроағзалар геномындағы бөгде генді және өзгерген генетикалық ақпаратты енгізу.
Транзиция (транзиция) – нуклеин қышқылындағы азотты негіздердің алмасуына себепкер мутация.
Транскрипция (транскрипция) – ДНҚ-ның сәйкес үлескілеріндегі РНҚ молекулаларының биосинтезі.
Трансляция (трансляция) – генетикалық кодқа сәйкес аРНҚ матрицасы бойынша нәруыздағы полипептидтік тізбектердің синтезі.
Трансплантация (ауыстырып салу) – ұлпаларды немесе мүшелерді көшіріп орналастыру.
Трансформизм (трансформизм) – түрлердің өзгергіштігі туралы ұғымның жүйесі.
Трисомия (трисомия) – қосымша хромосоманың болуы.
Тұқым қуалау – ағзалардың бір ұрпақтан екіншісіне гендік ақпарат беруі.
Тұқымқуалаушылық – ағзалардың ұрпақтар арасында материалдық және қызмет атқару артықшылығын қамтамасыз ету қасиеті.
У
Уотсон-Крик моделі – қосарланған шиыршық, ДНҚ-ның құрылым үлгісі; соған сәйкес ДНҚ молекуласы дұрыс оңға бұрылып төңкерілген шиыршық түзген екі тізбектен құралады.
Ф
Фенотип – ағзаның барлық белгілері мен қасиеттерінің жиынтығы.
Ферменттер – барлық тірі жасушаларға қатысатын және биологиялық өршіткі рөлін атқаратын ерекше нәруыздар.
Филогенездік тармақ (филогенездік тармақ) – филогенездің және әртүрлі ағза-лар топтарының туыстық байланыстарының барысын графиктік түрде бейнелейтін шежіре тармақ.
Х
Хемосинтез (химиялық синтез) – бейағзалық қосылыстардың тотығуы есебінен СО2 сіңіруге негізделген бактериялардың қоректену типі.
Хитин – омыртқасыздар және саңырауқұлақтардың тірек полисахаридтері.
Хлорофилдер – өсімдіктердің жасыл пигменті (бояутегі), олар пигменттің жәрдемімен Күн жарығының энергиясын тұтады және фотосинтезді іске асырады.
Хроматида – еселенген ДНҚ хромосомасының жартысы; бір хромотиданың құрамында ДНҚ-ның бір молекуласы болады.
Хромосоманы қайта құру – хромосоманың құрылымын өзгерту, хромосоманың құрылымын өзгертетін мутация типі.
Хромосомалар – ДНҚ-дан және буып-түйетін нәруыздардан құралған, сондай-ақ генетикалық ақпаратты тасымалдайтын жасуша ядросының мембранасыз орга-ноидтері.
Ц
Целлюлаза – гидролаза класының ферменті.
Целлюлоза немесе (жасунық) – ең көп таралған табиғи полимерлердің бірі, өсімдік жасушалық қабырғаларының негізгі тірек полисахариді.
Целом (соңғы қуыс) – дененің соңғы қуысы, көпжасушалы жануарлардың дене қабырғасы және ішкі мүшелерінің аралығындағы кеңістік.
Центромера – хромосома үлескісі, оған митоз және мейоз кезінде бөліну шүйкесі бекінеді.
Цианобактериялар – ядросыз жарықсүйгіш ағзалар тобы, дәстүрлі атауы – көк-жасыл балдырлар.
Цитогенетика – жасуша және субжасушалық құрылым деңгейінде (көбінесе хромосома) тұқымқуалағыштық және өзгергіштіктің заңдылығын зерттейтін генетика саласы.
Ш
Штамм (себінді) – микроағзалардың таза себіндісі (культура).
Э
Эволюция – тіршіліктің қайта оралмай тарихи өзгеру үдерісі.
Экзон – генетикалық ақпарат тасымалдайтын ядролы (эуракиот) ген (ДНҚ) үлескісі.
Экскременттер (нәжіс) – жануарлардың қатты және сұйық бөлінділері.
Эктодерма (сыртқабық) – көпжасушалы жануарлардың сыртқы ұрық қатпар-шағы.
Эллипс – 2 ретті жазық қисық.
Эллипс – фокус деп аталатын F1 F2 нүктелерден қашықтықтарының қосындысы бірдей болатын нүктелердің жиыны.
Эпистаз (эпистаз) – бір геннің аллелі басқа ген аллелінің көрініс беруін басатын гендердің өзара қатынасы типтерінің бірі.
Эритроциттер (қанның қызыл түйіршіктері) – омыртқалылар қанының қызыл жасушалары, оның құрамында өкпеден ұлпаларға оттекті және ұлпалардан өкпеге көмірқышқыл газын тасымалдайтын гемоглобин болады.