Күнтізбе бойынша қыс 1 желтоқсанда басталады. Ал ғалымдар қыс 22 желтоқсанда басталады деп есептейді. Бұл күні Күн көкжиектен төмен көтеріледі, көлеңке ұзарады және ең қысқа күн болады. Табиғатта қыс әр жылы әртүрлі түседі. Нағыз қыс ауа температурасы 00С түскенде басталады, сулар қатып, жерге қалың қар түседі.
Көктемнің алғашқы айы – наурыз. 21 наурыз – көктемгі күн мен түннің теңелетін кезі. Осы күннен бастап күн ұзарып, түн қысқарады. Температура көтеріліп, қар ериді, алғашқы гүлдер шыға бастайды.
Жаз – жылдың ең ыстық мезгілі. Жазда Күн көкжиектен жоғары көтеріледі, күн ұзақ болады. 21 маусымдағы күн тоқырауынан кейін (бір-бірімен теңелгенше) күн қысқарып, түн ұзара береді.
Күздің астрономиялық басталуы – 23 қыркүйек, күн мен түннің күзгі теңелуі. Осы сәттен бастап күн қысқа, түн ұзақ болады. Күзде Күннің сәулесінің түсуі мен жылуы азаяды.
Жыл мезгілінің ауысуы Күн мен Жердің жағдайына байланысты болады. Жер эллипс түріндегі орбита бойымен Күнді айналады.
Сондықтан Жер Күнге біресе жақындайды, біресе алыстайды. Жер шарымыз Күнге қаңтар айында өте жақын келеді. Жер Күнге жақындаған сайын Оңтүстік жартышарға жарық көп түсіп, жаз шығады да, Солтүстік жартышарда бұл кезде қыс түседі.
Біздің ғаламшарымыз шілде айында Күннен алыстайды, сондай-ақ Жер шары өз жұлдызынан алыстаған сайын Солтүстік жартышардағы елдер жарық пен жылуды мол алады да, ол жерде жаз шығады, ал Оңтүстік жартышарда керісінше қыс түседі.
Жыл мезгілдерінің ауысуына жер өсінің көлбеулігі де әсер етеді. Егер бұл көлбеулік болмағанда, Жерде жыл мезгілдері ауыспас еді.