Архимед күші

- Архимед күшін сипаттап, оның әсер етуіне мысалдар келтіре аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Анхимед заңы қалай ашылды?
2. Неліктен барлық заттар Жерге тартылады?
3. «Ығыстыру» сөзіне синквейн құрастыр.

Әсел топтық жұмыс ұсынады.

Зерттеңдер

  Мақсаты: Архимед күшінің қалай әсер ететінін анықтаңдар.
  №1 тәжірибе
  1. Ыдысқа су құйыңдар.
  2. Оған теннис добын салыңдар.
  3. Ыдысқа ермексаздан жасалған шарды салыңдар. Не байқадыңдар?
  4. Теннис шарын суға батыруға тырысыңдар. Не болды?
  5. Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен бөлісіңдер.

  №2 тәжірибе
  1. Су құйылған ыдысқа піскен жұмыртқа салыңдар. Не байқадыңдар?
  2. Ыдыстағы суға тұзды ерітінді құйыңдар. Жұмыртқа қайтті?
Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен бөлісіңдер.

  №3 тәжірибе
  1. Пластик ыдыс алыңдар.
  2. Ыдыстың аузына 4 см қалғанша су құйыңдар.
  3. Ыдысқа қаламның қақпақшасын салыңдар. Не болды?
  4. Су жоғары көтерілетіндей етіп, ыдысты екі бүйірінен қысып ұстаңдар. Қақпақшаға не болды?
  5. Ыдысты қыспаңдар. Не болды?
  6. Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен бөлісіңдер.

Білу үшін оқы

  Біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда Сиракуз қаласынан шыққан ежелгі грек ойшылы, өнертапқыш ғалымы, инженер Архимед ІІ Гиорон патшасына қызмет еткен.
  Бір күні зергерлер патшаға алтыннан тәж жасайды. Сенімсіздік білдірген патша Архимедті шақырып алып, алтын тәждің құрамында күміс бар-жоғын тексеруді тапсырады. Ол заманда мұндай мәселемен ешкім айналыспайтын еді. Архимед ұзақ ойланады, еш нәрсе ойлап таба алмайды. Бір күні ол моншаға барады. Ғалым су құйылған ваннаға отырғанда ғана бұл сұрақтың жауабын табады. Архимед ваннадағы судың толқып төгілгеніне назар аударған: дене суға батқанда, өз салмағымен бірдей көлемде суды сыртқа ығыстырады. Архимед «Эврика!» деп айғай салып, моншадан атып шығады («Эврика!» – «таптым» деген сөз).

  Ғалым патшаға келіп, тәждің салмағымен бірдей алтын мен күміс беруді сұрайды. Архимед алтын мен күмісті және тәжді суға салып, одан асып төгілген судың салмағымен салыстырып көреді. Осылайша ол тәждің таза алтыннан жасалмағанын, оған күміс қосылғанын табады.
  Бұл аңызда Архимед заңының қалай ашылғаны баяндалған.

  Сұйыққа немесе газға түскен денені сол дененің сұйыққа немесе газға батқан көлеміне тең күш кері итеріп (ығыстырып) шығарады. Бұл күш Архимед күші деп аталған.

  Архимед күші тек суға батырылған денелерге ғана әсер етіп қоймайды, сондай-ақ ол атмосферадағы денеге де әсер етеді. Мысалы, әуе шарын жоғары көтеретін күш те Архимед күші.

Сабақты қорытындылау

1. Архимед заңы қалай ашылды?
2. Неліктен кейбір заттар суға түскенде су бетіне қалқып шығады, ал кейбіреулері батып кетеді?
3. Архимед заңы қалай айтылады?

×
×

Корзина