Архимед күшінің әсері

- Архимед күшін сипаттап, оның әсер етуіне мысалдар келтіре аласың.

Қайталау сұрақтарына жауап бер

1. Неліктен сұйықтар мен газдардағы кері итеріп шығару күшін Архимед күші деп атайды?
2. Архимед күшінің әсер етуіне мысалдар келтіріп айт.

Олжас тәжірибе жасап көруді ұсынады.

  №1 тәжірибе
  1. Ыдысты алып, жартысына дейін су құйыңдар.
  2. Судың деңгейін ыдысқа белгілеп қойыңдар.
  3. Ыдысқа кішкене металл текшені салыңдар. Не байқадыңдар?
  4. Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен бөлісіңдер.

  №2 тәжірибе
  1. Ыдысқа су құйыңдар.
  2. Металл таразы тасын өлшеп, салмағын анықтаңдар.
  3. Таразы тасын су құйылған ыдысқа салыңдар.
  Енді таразы тасының салмағы қанша болды?
  4. Қорытынды жасаңдар. Оларды жазыңдар. Нәтижесін сыныптастарыңмен бөлісіңдер.

Білу үшін оқы
«Инсерт» әдісін қолдан.

  Архимед – аса көрнекті ежелгі грек ойшылы. Ол Сицилия аралындағы Сиракуз қаласында дүниеге келген. Архимедтің әкесі Фидий астроном әрі математик болған. Әкесінің арқасында Архимед жақсы білім алған.
  Архимед өзінің отандастарына көптеген пайдалы заттар жасаған:
    1) «Ұлу» деп аталатын егістікті суғаратын мәшине;
    2) Су тартатын бұранда (Архимед бұрандасы);
    3) Найзалар мен сүңгілерді атуға арналған түрлі әскери мәшинелер;
    4) Кемелерді көтеріп түсіруге арналған мәшинелер.
  Сен жылы ауаның мұржалардан шыққан түтіннің бір бөлігін атмосфераға көтеретінін білесің. Сондықтан бұл құбылысты пайдаланып, адамды ұшырып көру туралы ой туған. Газдарда денелердің қалқуы мен Архимед заңын өмірде қолдану басталды.
  200 жыл бұрын ашылған Архимед заңын қолдану бүгінгі таңда кең өріс алып отыр. Мысалы, Янцзы өзенінде орналасқан «Үш үңгір» плотиналық гидроэлектрстансысы. Бұл – әлемдегі аса ірі құрылыстардың бірі, оны салуға 28 миллион шаршы метр бетон жұмсалған. Мұндағы ең соңғы жаңалық – 113 метрлік кеме көтергіш.
  Архимедтің идеясы өте қарапайым болатын: суға батқан дененің салмағы өзі кері итеріп шығарған судың салмағына тең.
  Архимед заңының қазіргі кезде қолданылуы:
    1) сүңгуір қайықтардың жүзуінде;
    2) әуеге көтерілуде;
    3) мұнай өндіруде.
  Бастапқыда мұнай жерасты қысымымен ұңғымадан шығады. Біртіндеп қысым теңеледі де, мұнай шықпай қояды. Осы кезде көмекке Архимед заңы келеді. Судың құрамы тығыз орналасқандықтан, жерастына су жібереді, ол жеңіл мұнайды жер бетіне тез итеріп (ығыстырып) шығарады.
  Егер ауырлық күші Архимед күшінен артық болса, онда дене сұйыққа батпайды.

  Егер ауырлық күші мен Архимед күші тең болса, онда дене сұйық ішінде тепе-теңдікте жүзіп жүреді.

  Егер ауырлық күші Архимед күшінен аз болса, онда дене сұйық бетінде жүзеді.

Сабақты қорытындылау

1. Архимед заңын құрастырып айт.
2. Суға дене түскенде қандай екі күш теңеседі?
3. Архимед күшінің әсерін қалай түсіндің?

  Нақты дереккөздерден Архимед заңының күнделікті өмірде қолданылуы туралы деректер тауып, хабарлама дайында.

×
×

Корзина