Туған күн

Мәтінді түсінемін, өз ойымша құрылымын жетілдіремін.

1. «Не бар, не жоқ?» Ақынға ілесе жауап беріп көр.

Текені ал,
Онда тек –
Сақал бар,
Мұрты жоқ.

Түйені ал,
Онда тек –
Өркеші бар,
… .

Сиырды ал,
Онда тек
… ,
Жалы жоқ.

Биені ал,
Онда тек –

Қойды ал –
Онда тек –


Ескен Елубай

2. Тыңда.

Туған күн

Сиыр –
Туған күніне
Шақырды мал біткенді,
Кең дастарқан үйіне
Жайып,
Қонақ күткен-ді.

Жылқы мен
Қой,
Ешкі боп,
Түйесі бар арада,
Келген сыйсыз
Ешкім жоқ.
Тойға құр қол бара ма?

Қой әкелді –
Киізін,
Жасаған өз жүнінен,
Жөн санады мұнысын,
Сиыр разы күйімен.

Жылқы әкелді –
Бұйданы.
Есілген өз қылынан,

Сиырға оны сыйлады,
Құп көрді ол шынынан.

Ешкі әкелді –
Шәлісін,
Өзі тоқып түбіттен.
Сиыр білер мәнісін,
Нағыз тарту бұл тіптен.

Түйе әкелді –
Жүн шекпен
Өте қымбат бұйымды,
«Жомарттық, – деп, –
бұл неткен»,
Қуантты ол Сиырды.

Сиырға өстіп беретін,
Сый жасады тосылмай.
Қолдарынан келетін,
Тартулары осындай.

Құттықтауға Сиырды
Қалыс қалған болмады,
Бәрі түгел жиылды,
Туған күнді тойлады…

3. Мәтінге сүйеніп, суретті әңгімеле.

4. Мәтіннің авторы туралы әңгімеле.

Ескен Елубай
1942–2017

  • Жамбыл облысы Қордай ауданы Отар стансысында дүниеге келген.
  • Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері.
  • «Ескен Елубай – қырықтан астам кітаптың авторы. Оның қай кітабынан да балаға деген нұрлы махаббат, шұғылалы жүректің сөзін тыңдайсың».

Тұманбай Молдағалиев

5. Сиырдың туған күніне тағы қандай үй жануарлары келуі мүмкін? Олардың әкелген сыйын айтып, өлеңді жалғастырып көр.

6. Түсініп оқы.

  Мүшел жас – қазақ халқының адам жасын есептеу үлгісі. Дәстүрлі қазақ қоғамында баланың 13 жасқа толуы алғашқы мүшелі делінеді. Одан кейінгі мүшел жасы әр 12 жыл қайталанған сайын есептеліп отырады.

«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы, 6-том

• Өз отбасыңдағы адамдардың мүшел жастарын үлгі ретінде берілген диаграммаға сай анықта.

×
×

Корзина