Жұлдыздар әлемі

Сөйлеуде нақыл сөздерді қолданамын.

1. Жұмбақтың шешуін тап.

Көп моншақ үй үстінде қойдым шашып,
Қарасам толып жатыр көзін ашып.
Үйіме сәулеленіп түссе жарық,
Кетеді әлгі моншақ бәрі қашып.

2. Аспанда Үркер атты бір топ жұлдыз бар. Аңызды түсініп оқы.

Күн, Ай және Қораз

(Аңыз)

  Бұрын Үркер саны он екі болған. Олардың бағына сол заманда көктем де, жаз да болмай, мәңгілік қыс болған. Сол уақытта барлық хайуандар Үркерді құртпақ болып ақылдасады. Сол үшін олар Үркерді қуа жөнеледі. Әуелі жылқы төрт жұлдызды аяғымен басып қалады, түйе екеуін, ал қалған алты жұлдыз сиыр тұяғының астына түседі. Сиырдың үлкен тұяғының астында алты жұлдыз қалады да, алты жұлдыз аспанға шығып кетеді. Сонымен сиырдың ұқыпсыздығынан алты ай қыс болады. Әбден сиырға ренжіген хайуандар сиырдан: «Алты жұлдыздан неге айырылып қалдың?» – дегенде: «Сықырлап суықта жүрген жақсы емес пе, ыстыққа өмір бойы шыжып жүргенше», – деген екен. Сол үшін сиыр суықтан қорықпайды.

«Бабалар сөзі». Жүз томдық, 78-том

3. Үркер жұлдызына қатысты халықтың өз айтары бар. Тыңда.

Үркер туды, сорпа ас болады

  Үркер көтерілуімен байланысты аңғарылатын табиғат құбылыстары жайында ел былай дейді:– Үркер туды, енді таң ұзара береді.
  – Үркер жер бетіне шықты, қозы пісті.
  – Үркер көтеріліп қалғанда, шөп те көтеріледі, бидай да бас тартады.
  – Үркер көтерілгеннен кейін малдың арықтығы білінбейді.
  – Үркер көтеріле саулықтың еті мен сорпасы тәтті болады, өйткені түн ұзарып, көп күйсейді.
  – Үркер көтерілсе, күн қысқара береді, қозының етіне дәм кіреді.
  – Үркер туды, тоқты сорпасы ас болады.
  Сөйтіп бұл сөздерден мынау аңғарылады: Үркер көтерілген сайын түн ұзарып, күн қысқара береді. Өсімдік көтеріле береді, оны жеген мал семіріп, оған күй біте бастайды.

«Аспан сыры» кітабынан

4. Айтылған белгілерге қарап, Үркер жұлдызының көкке көтерілу уақытын анықтап көр.

5. Тағы қандай жұлдыздардың атын білесің?

6. Түсініп оқы. Жоғарыда оқыған мәтіндермен байланысын тап.

Сорпа

«Ет – етке,
Сорпа – бетке…»
Демейді текке.
Ежелден мәлім,
Пайдалы көпке.
Жас сорпа – дәру
Жабысқан дертке.

Себебі мұның
Мәнісін ұғар.
Маңызы еттің
Сорпаға шығар.

Ескен Елубай

7. Жұлдыздар туралы жұмбақтар құрастыр.

×
×

Корзина