Ғарыштағы жалау

Мәтіннің құрылымын жетілдіремін.

1. Ғарышта болған жалау туралы естідің бе?

2. Тыңда.

Ғарыштағы жалау

  Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетовтің ғарышқа ұшу сапары біздің еліміздің ғарыш шежіресіндегі жаңа бетбұрыс кезеңі болды. Енді Қазақстан үш және одан да көп ғарышкерлері бар әлемдегі тоғызыншы ел атанды. Ғарышкердің «ЭКСПО» көрмесінің жалауын ғарышқа апаруы – өз алдына бөлек әңгіме. Бүкіл-әлемдік жетістіктер көрмесі – «ЭКСПО»-ның өткізіле бастағанына 150 жылдан асыпты. Міне, осы жылдар шежіресінде «ЭКСПО» көрмесінің жалауы алғаш рет ғарышта болған екен. Мұндай ерлікті Халық қаһарманы Айдын Айымбетов жасады. «ЭКСПО» көрмесінің логотипі салынған сегіз жалаушаға ғарыш стансысында ғана тұратын мөр басылған. Тарихи таңба басылған байрақты әлемнің 545-ғарышкері Айдын Айымбетов «Болашақтың мұражайына» табыс етті.

«Егемен Қазақстан» газетінен

3. Мәтінге сүйеніп, ғарышкер Айдын Айымбетов туралы 5 дерек жаз.

4. Өлеңді нақышына келтіре оқы.

Ғарышкерлер – қырандар

Ғарышкерлер,
Ғарышкерлер,
Қиял құсын түлеткен,
Ұлы Отанның,
Гүл Отанның
Мәртебесін ту еткен.

Тоқтар, Талғат –
Көкте самғап,
Биік ұшқан қырандар.
Ағаларға,
Қарап
Алға –
Өсеміз біз ұландар. 

Ән тербеген,
Даңқы өрлеген,
Байқоңырдан самғаған,
Ғарышкерлер,
Ғарышкерлер,
Ерлік жолын жалғаған.

Тоқтар, Талғат –
Көкте самғап,
Биік ұшқан қырандар.
Ағаларға,
Қарап
Алға –
Өсеміз біз ұландар.

Сұлтан Қалиұлы

5. Өлеңнің авторы туралы әңгімеле.

Сұлтан Қалиұлы
1943–2018

  • Жамбыл облысы Жамбыл ауданында туған.
  • Ақын.
  • ?

6. Үшінші ғарышкеріміз бар екенін ескеріп, өлеңге өзгертулер енгізіп көр. Жалғастыр.

7. «Үш ғарышкер» тақырыбында топ алдында сөйлеуге дайындалыңдар.

×
×

Корзина