Ай, Күнімен аспанның Әзілдескен, сырласқан

Өлеңді түсініп, шапшаң, мәнерлеп оқимын.

1. Сабақтың қалай аталып тұрғанына мән бер. Олар кімдер? Ғарышкер мен ұшқыштың айырмашылығы неде?

2. Қазақтың тағы басқа қандай батыр ұшқыштарын білесің?

Талғат Бигелдинов

Хиуаз Доспанова

Нұркен Әбдіров

3. Өлеңді түсініп, мәнерлеп оқы.

Ұшқыш болғым келеді

Көңілі – дария, ойы – аспан,
Асқар шыңнан бойы асқан.
Ай, Күнімен аспанның
Әзілдескен, сырласқан –
Ұшқыш болғым келеді!

Күнге күліп, күй тартқан,
Айға әнін тыңдатқан.
Бақыт жырын жырласа,
Таң Шолпанын қуантқан –
Ұшқыш болғым келеді!

Мұздай болат киінген,
Батпан қару үйірген,
Қорғап бақыт ұясын,
Тас түлектей түйілген –
Ұшқыш болғым келеді! 

Таңда туып түлеген,
Тас түлектей көреген,
Көк қойнында тояттап,
Шың басында түнеген –
Ұшқыш болғым келеді!

Ар-намысын ақтаған,
Жүрекке сыр жаттаған,
Туған елін – ұясын
Жан-тәнімен сақтаған –
Ұшқыш болғым келеді!

Ұшқыш болмай немене,
Қуат бітті денеме!
Қанатым бар қайыспас,
Ұшқыш болғым келеді!

Қасым Аманжолов

4. Өлеңге сүйеніп, батыр ұшқышты сипатта.

5. Бейбіт замандағы ұшқыштар қызметі туралы әңгімеле.

6. Қай топ көп біледі? «Ұшақ маркасын білуден жарыс» ойыны.

7. Батыр ұшқыштар жөнінде деректер жинастыр.

×
×

Корзина