Егер сен достарың мен отбасыңның қандай да бір іспен шұғылданып жатқанын, мектептегі не көшедегі адамдардың суретін салғанды ұнатсаң, онда ол тұрмыстық жанр туындыларына жатады.
Айналаңа назар аударып қана қоймай, адамдардың арақатынасы туралы , оларды не байланыстыратынын да ойлан (достық, қамқорлық, адалдық, сүйіспеншілік, парыз). Бұлардың бәрі басты адами құндылық тарға
жатады. Егер сен ішкі сезіміңді түс, сызық, пішін, композиция арқылы көрсете білсең, жасаған жұмы сың ерекше әсерлі көрінеді. Ала йда ондай туындылар сал у үшін көп нәрсе біліп, үйренуің керек.