БІРІГІП ПОСТЕР ЖАСАЙМЫЗ

Бір топтың жұмысына 1 парақ қатырма қағаз, суретшілердің немесе фотосуретшілердің жұмыстарының репродукциясы, суретасты сөзі, тақырыпқа сәйкес қанатты сөздер не өлеңдер, постерді әшекейлеуге қажет қағаз, қайшы, қылқалам, түсті фломастерлер, желім, қол сүртетін орамал керек.

  1. Үш топқа бөлініңдер. Әрбір топ қандай адами құндылыққа байла нысты та қыры пты та ңдайты нын шешеді, ол достық, отбасындағы сүйіспеншілік, салауатты өмір салты мен еңбек тақырыбы болуы мүмкін.
  2. Әрбір топтың қаты сушылары тақырыпқа сәйкес 5–10 туындытаңдап алады. Туындыларды ғаламтордан немесе басқа да дереккөздерден тауып, қағазға шығарады, ескі журналдар мен ашықхаттардағы суреттерді де пайдалана алады. Қызықты фотосуреттерді таңдап алуға болады, сондай-ақ өздерің де қолдан тақырыпқа сәйкес фотосуреттер мен суреттерді жасай аласыңдар . 

  3. Топта міндеттерді бөліп алыңдар. Бірің репродукцияларды тауып, енді бірің өлеңдер мен қанатты сөздерді іздеңдер, басқасы суретасты сөздерін жазады. Жұмыстың атауын, автордың аты-жөнін, туындыда не бейнеленгенін, суретші не фотосуретші қандай адам и құндылықтарды бейнелегенін көрсету керек.
  
4. Жұмы стар ды бөліп, қатырма қағаз пара ғына суретасты сөздерін жазыңдар . Суреттердің арасына қағазға шығарылған өлеңдерді немесе тақырыпқа сәйкес қанатты сөздерді орналастырып, постерді тағы қандай қосымша бөліктермен безендіруге болатынын ойланыңдар. Жасаған композицияларыңды бағалаңдар. Барлық бөліктерді желімдеңдер.
  
5. Жасаған постерлеріңе лайық атау беріңдер.
  6. Постерл еріңді сыныпта стары ңа көрсетіңдер. Постердің айтар ойы, суретшілер мен олардың жұмыстары, олар не туралы сыр шерт етінін айтып беріңдер. Бұл туындылар қандай адами құндылықтарды насихаттайды? Жасаған постерлеріңмен мектеп дәлізін немесе сыныбыңды әшекейлей аласың.

×
×

Корзина