Қанық түстер үйлесімі

Қанық және қанық емес түстерді қай жерде пайдаланғаныңды есіңе түсір.

Сен музыка тыңдауды ұнататын болсаң, онда сол әуендердің ішінде көңілді, мұңды, салтанатты және өте
нәзік лирикалық әуендердің болатынын білесің. Нәзік, бірқалыпты әуендерге қанық емес ашық түсті бояулар сәйкес келеді. Ал салта натты және көтеріңкі көңіл күйді білдіретін марш және мерекелік әндерге ашық түсті, қанық бояулар лайық. Қанық түстер мен олардың үйлесімі салтанатты , көңілді көрінеді.
Егер сен мерекелік көңіл күйді, еңбек үстіндегі адамдарды, көңілді әуенді бейнелегің келсе, қанық түсті бояуларды таңдағаның дұрыс.

Қазақстандық суретші Ә. Мұратбаев қанық түсті бояулармен жұмыс істегенді ұнатады. Ол «Бесік» атты туындысын дәл осындай түс үйлесімімен орындағанын қалай түсіндіресің?

Қанық түсті бояумен орындал ған жұмыстар әдетте қуанышты, көтеріңкі көңіл күйді немесе керісінше терең жабыр қауды, үрейді, алаңдаушылықты білдіреді. Қанық түсті бояу шығару үшін ақ және қара бояулардың қоспасынсыз таза түстерді пайдаланады. Қанық түстер үйлесімі жылы, суық немесе қарама -қарсы түсті болуы мүмкін.

×
×

Корзина