Сурет сабағында мәнерлеп жазуды көрсетуге тамаша мүмкіндік бар, яғни әріптер мен сөздер арқылы белгілі бір көңіл күйді, мінез-құлықты көрсетуге болады. Мына әріптерге қарашы. Олардың әрқайсысының көңіл күйін, мінезін анықтауға тырыс. Әріптерден сөз құралады. Сөздер де әріптер тәрізді әсерлі бола алады. Мына сөздерге қарап, суретші қай сөздерді әсерлеп, қайсысын әсерлемей жазғанын анықта.