АШЫҚ ХАТ ЖАСАЙМЫЗ

Ашықхатты кімге сыйлайтыныңды ойлан.

  Онда қандай ізгі тілегіңді жазғың келеді? Сезіміңді қандай түс үйлесімімен беруге болаты нын ойлан. Ашықхат жасауға жұқа қатырма қағаз дайында.

  Қызықты әрі әсерлі композициялармен шрифтердің бірнеше нұсқасын ойлап тап. Ашықхатты қандай тәсілмен орындайтыныңды шешіп ал. Шрифт пен бояу түсіне ерекше көңіл бөл. Мәтін мен суретті дұрыс үйлестіруге тырыс. Ашықхатты жасап болған соң, өзіңе ең жақын адамға сыйла.

×
×

Корзина