Ғажайып жаңбыр

Шығарманың түрін анықтаймын, басты белгілерін білемін.

1. Оқы және түсінгеніңді айт.

  Джанни Родари – итальян жазушысы. Родаридің балаларға арналған Чиполлиноның бастан кешкендері», «Телефон арқылы айтылатын ертегілер» атты қызықты шығармалары бар.

2. Түсініп оқы.

Ғажайып жаңбыр

  Бір күні Пьомбиноға ғажайып жаңбыр жауды: аспаннан бұршақ тәрізді жасыл сарғыш, ал қызыл, көкшіл кәмпиттер сауылдап төгілді-ай дейсің келіп. Бір бала бұған таңғалды. Ол жасыл бұршақты теріп алып, аузына салып көріп еді, жалбыз дәмі аузын салқындатып жіберді. Екінші бала бұршақтың қызғылт түстісін жеп көрсе, жидектің хош иісі бұрқ ете қалды.
  – Бұл кәмпит! Бұл кәмпит қой! – деп шу-шу етті балалар. Үлкендер де, балалар да далаға жүгіріп шығып, кәмпитті теріп, қалталарына салып жатты. Жаңбырдың төпеп жауғаны соншалық, жұрт қанша терсе де, кәмпит таусылар емес.
  Бұл ғажайып жаңбыр онша ұзақ жауған жоқ, сонда да жұпар иісті кәмпит жер бетінде кілемше төселіп қалды, аяғыңды бассаң болды, күтір-күтір етеді. Мектептен қайтқан оқушылар сөмкелерін кәмпитке толтырып үлгерді. Ал әжелер болса, басындағы орамалдарын шешіп, кәмпитті орап алып жүр.
  Міне, нағыз мейрам деп осыны айт!
  Жұрттың көбі әлгі ғажайып жаңбырды әлсін-әлі есіне алып, қайтадан сондай кәмпит жауатын күнді аңсап жүр. Бірақ Пьомбиноға да, Туринге де, тіпті Кремоноға да қайтып кәмпит жауған жоқ.

Джанни Родари

3. Тыңда.

Ақ жаңбыр

Тырс-тырс!
Ақ жаңбыр жауады,
Тамшылар тамады.

Тырс-тырс!
Терезе қағады,
Жылғалар ағады.

Тырс-тырс!
Жапырақ жылайды,
Жардан су құлайды.

Тырс-тырс!
Шаң-тозаң шайылды,
Шатырлар шайынды.

Тырс-тырс!
Көшелер тазарды,
Кір үйлер ағарды.!

Ермек Өтетілеуұлы

4. Өлеңдегі кейіптеуді тап. Түсіндір.

5. Суреттерге назар сал. Мәтіннің қай абзацына сәйкес екенін анықта. Саған қай жаңбыр ұнайды?

6. Мәтіндердің жанрын анықта. Дәлелде.

7. Жаңбырға қатысты 5 жол өлең құрастыр.

×
×

Корзина