Болашақтың мамандықтары

Мәтінді талдаймын, пікір білдіремін.

1. Өлеңде қандай мамандықтар аталғанын зейін қойып тыңда.

Мен таңдайтын мамандық…

Ай-һой, ғажап қандай бұл!
Ал, қане, кәсіп таңдай біл:
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңдау тұр.

Әлемге ән боп жалғанар,
Әйгілі небір тарландар.
Әуелей ұшқан аққудың
Әсерлі үнін салған дәл
Әміре менен Күләштай
Әнші болсам, не арман бар?

Кәсіпкер болсам егер де,
Бар әлемді кезем де:
Бар пайданы ойламай,
Барымды берем мен елге.

Велосипед мініп, одан да
Велоспортшы болам ба?
Веложарыс жолында
Великпен желден озам да.

Геолог болып тегі мен,
Гүл жайнаған өңірден:
Гуілдеп күн-түн тынбайтын,
Газдың ашам кенін мен.

Ғалымның жолы – ғажайып!
Ғибрат сабақ алайық.
Ғұмыр бойы ізденіп,
Ғанибет – ашу жаңалық.

Ғылымға құмар қалпыммен,
Ғарышкер болам, бәлкім, мен:
Ғұмырлы қазақ елінің,
Ғарышқа жаяр салтын кең…

Ес көретін өз елі,
Ер мінезді, беделді:
Ел мен елді дос етер,
Елші болғым келеді…

Өтепберген Ақыпбекұлы

өмір.

қуаныш, бақыт.

2. Мәтінде аталған мамандықтарды қазіргі сұранысқа сай ретімен атап, осы мамандықтар туралы сұрақтар дайында және жауап бер.

3. Түсініп оқы.

Болашақтың мамандықтары

Болашақтың еншісіндегі бір мамандық – ғарыш жолының инженері. Ол Жерге жақын көлік жүйесі мен көлік тасқыны дәлізіне қызмет көрсететін болады. Мәселен, орбитаға арналған рейстер мен құрлықаралық тасымалды баллистикалық зымырандардың траекториясы арқылы жүзеге асыру көзделіп отыр. Сондай-ақ баланың болашақтағы мінез-құлқын, яғни келешек кейпін жоспарлай-

тын сарапшылардың қызметі қызады деген болжам бар. Әлбетте, келешектегі ең қажетті мамандар ІТ саласы мен робот техникасының білгірлері болмақ. Себебі, технологиямен жұмыс барлық саланың қызметіне әсер етеді. Айталық, дәрігерлер болғанымен, емдеу сипаты өзгереді, фермерлер жұмысын жалғастырғанымен, өсімдікті өсіру технологиясына өзгерістер енеді. Мәселен, сити-фермер қала ішінде, зәулім ғимараттар төбесінде отырып-ақ агрокешенді шаруашылықтарды дамытуы ықтимал. Қоқысты қайта өңдеу, биореактор қуатын арттыру жобалары жүзеге асырылады. Сәулетшілерге байланысты құрылыс технологиялары да түбегейлі өзгереді. Яғни болашақта адамдар осы қызметтің баршасын роботтарға жүктейді.

«Егемен Қазақстан» газетінен

қала жағдайында көгөністер өсіретін адам.

ақпараттық технология саласы, яғни компьютерге қатысты сала.

4. Мақалаға пікір білдір. Аталған мамандықтарға келісемін, келіспеймін деген белгі қойып, тізіп жаз.

5. «Болашақтың 10 мамандығы» қандай мамандықтар деп ойлайсың? Дәлелдер келтір.

6. Өзің болашақта қай мамандықты таңдар едің? Неліктен?

×
×

Корзина