КИІЗ ҮЙДІҢ ІШКІ КӨРІНІСІ

1. Халқымыздың салт-дәстүрлері туралы не білесің? Есіңе түсір.
2. Киіз үй туралы, оны неден жасайтынын, оның құрылысы туралы айтып бер.

  Халқымыз киіз үйді қасиетті, киелі қара шаңырағымыз деп дәріптейді. Кәне, киіз үйдің ішкі көрінісімен танысайық. 
  Киіз үйдің ма ңдайшасы мен табалдырығын қосатын және кереге бекітілетін ағаш босаға деп аталады. Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді. Төрде жүк жиналады, қонақ отырады. Бұл киіз үйдің жоғары әрі сыйлы орны. Сол жақ – үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-түлік,ыдыс-аяқтар тұрады. Оны шимен жауып қояды. Оң жақта балалар орналасады. Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім-кешек ілінеді. От орны қасиетті орын болып саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады. Киіз үйдің ішкі керегелері мен едені түкті және тықыр кілемдермен, алаша, тұскиіз, ши, сырмақ және текеметтермен безендіріледі.

  Адамдарды әр дәуірдегі тұрмыстық жанрда салынған туындылар еліктіреді. Өйткені онда көптеген қызықты нәрселерді көруге болады. Мына туындыларға мұқият қарап шығып, сұрақтарға жауап бер. Суретші тұрмыстық жанр туындысын бейнелей отырып нені жеткізеді ? Ертеде өмір сүрген адамдардың өмірі мен тұрмысы туралы не білдің?

Шаңырақ – отбасылық қасиетті мұра. Киіз үйдің кереге, уықтарын әйелдер құраса, шаңырақты көтеру – отбасының немесе рубасының міндеті. Киіз үйдің барлық бөліктері жарам сыз болып қалса, шаңырақ сақталып, ол кенже ұлдың меншігіне қалдырылған. Келген қонақтар алдымен кенже ұлдың үйіне түсіп, содан кейін оның ағаларының үйіне баруы тиіс. Шаңырақтың ортасындағы күлдіреуіштің төрт ұшы әлемнің төрт бұры шын көрсетіп тұрады. Ерт едегі көшпенділер шаңырақ ортасында жұлдыздардың орнала суына қарап, бір жайылымнан екінші жайылымға көшу уақытын анықтап отырған.
  2017 жыл дан бері Елбасымыздың бастамасымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Онда ел өмірі, сондай-ақ мәдениеті назарға алынған. Ғаламтордан және т.б. дереккөздерден осы бағдарлама туралы мәліметтерді тауып оқы. Онда мәдени мұра туралы не айтылған?

×
×

Корзина