Алайда көшпелі халық өмірінде киіздің алатын орны ерекше. Киіз – малдың жүнінен қалың, тығыз етіп басылған төсеніш. Ол қыста жылы, ал жазда ыстықтан қорғайды әрі таза. Киізден әртүрлі бұйым жасау – қазақ халқының ежелгі кәсібі.Тықыр кілемдердің ішінде киізден жасалған текемет, сырмақтың рөлі ерекше.
Текемет – бетіне түрлі түстіою-өрнек басылған үй төсеніші.
Бұл төсеніш түрі күрделі сатылардан тұратын пісіру әдісімен дайындалады. Ши бетіне бірыңғай түсті жүн қалың етіп тартылып, басқа түске боялған жүннен ою түсіреді. Одан кейін бетіне ыстық су себіліп, шиге еппенда, әрі-бері домалатып, нығыздалады. Одан әрі киіз әбден «піскенше» бірнеше тәсіл қолданылып, толық біткен кезде текеметті жар қыраты п күнге жайып қояды. Киіз басу тәсілі бір болғанымен, текемет бетіне ою салу әр жерде әртүрлі болады да, жергілікті көркемдік ерекшеліктері анық көрініп тұрады.