ЖҰҚА КИІЗДЕН АЯҚҚАП ЖАСАЙМЫЗ

  1. Үйлеріңде ұлттық нақыштағы тұрмыстық заттар бар ма?
  2. Олардың қалай жасалатынын білесің бе?
  3. Ата-әжеңде қандай заттар бар екенін көрген шығарсың? Олардан сол заттар туралы сұра.

  Аяққап – көшкенде ыдыс-аяқ салатын киіз дорба. Аяққапқа салынған ыдыс-аяқ сынбай, ұзақ уақыт қолдануға жараған. Аяққап киізден, былғары мен қалың матадан тігілген. Олар ою-өрнектермен әшекейленіп, жиегі шашақталған. Мұндай дорбаны біз де жасай аламыз. Кәне, кірісіп көрейік.

  Ұлттық ыдыс-аяқтар туралы білетініңді есіңе түсір. Олар неден жасалған? Қалай аталды?

  Саған үлгісін жасау үшін қағаз бен жай қарындаш, түсті жұқа киіз немесе кез келген қалың мата, қайшы, сызғыш, түсті жіп, жіп, ине керек.

  1. Алдымен дорбаның үлгісін қарындашпен сызып ал . Пішіні, түсі мен ою-өрнегі қандай болатынын ойлан. Тіпті кейін өзгеріс енгізсең де, қалай жасау керегін білесің.

  2. Дорбаның түсіне сәйкес келетін түсті таңда.

  Мына текеметте қандай ою-өрнек түрлері қолданылған?

  3. Жұқа киізден үлгі бойынша бірдей екі бөлік қиып ал .

  Симметриялы суреттерді қалай жасағаныңды есіңе түсір.

  4. Аяққапқа арналған ою-өрнек түрі симметриялы болуы керек. Сен симметриялы суретсалуды білесің, ал егер ұмытып қалсаң, суретке қара. Алдымен өрнекті қағазға салып, қиып ал .

  5. Оюды аш. Егер әдемі шықса, теңдей етіп қиып ал . Жұқа киізді екігебүкте, бүктелген тұсына өрнектің жартысын қойып, жиектеп сыз да, сызығы бойынша қиып ал .

  6. Өрнекті ашып, оны пішіннің ортасына орналастыр. Оның түс үйлесіміне көңіл бөл, пішіні мен өлшемін тексер. Егер бәрі көңіліңнен шықса, онда аяққапты әшекейлеуге кірісе бер.

  7. Қосым ша өрнек түрл ерін қиып алып, дорбаны әшекейле. Жұмысыңды үлгімен салыстыр , яғни дорбаны қалай әшекейлеу жолдарын ойлан. Егер жасаған бұйымың өзіңе ұнаса, үлкендерден өрнекті тігіп беруді сұра. Дорбаның ұста йты н бауын жасап, жұмысты аяқтауға болады. Егер дорбаның одан да әдемі болғанын қаласаң, онда оған шашақ

  8. Дайын дорбаны басқа түсті жұқа киіздің бетіне қойып, оны дорбадан 5 см үлкен болатындай етіп қиып ал .

  9. Жиегін шашақтап қи. Дорбаның бөліктерін мына реттілікпен орналастыр: төменге безендірілмеген жұқа киізді, одан соң шашақты бөлігін, бетіне әшекейлі бөлігін қой. Үйде үлкендерден олардың бәрін бірге тігіп, жоғары жиегін ғана қалдыруды сұра. Сенің дорбаңның екі бөлігі бар .

  10. Жіптен бауын жаса. Алдымен керекті ұзындығын өлше, ол дорбаның периметрінен 4 есе үлкен болу керек. Тоқыма жіпті 6 рет ора. Одан әрі саған көмекші керек. Екі жіптің бір ұшын бір жаққа, екінші ұшын екінші жаққа айналдыр. Жіпті айналдырғаннан кейін ортасынан қатты ұстап тұрып, екі ұшын біріктір. Жіпті өруге де болады. Одан соң үлкендерден суретте көрсетілгендей етіп тігіп беруді сұра .

  Байқаған боларсың, халқымыздың ұлттық төсеніштері алуан түрлі. Олар бір-бірінен тек дайындалу тәсілімен ғана емес, сондай-ақ сыртқы түрімен де ерекшеленеді. Сырмақтардың өрнегі анық болса, текеметтің өрнектері көмескіленіп тұрады. 
  Түкті кілем, тықыр кілем, алаша, сырмақ, текеметтер геометриялық және жан-жануарлардың дене бөліктерін бейнелейтін өрнектермен әшекейленеді.
  Төсеніш түрлерін бастыру тәсілі ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Киіз баса отырып, қыз-келіншектер ән шырқап, әзіл-күлкілерімен бұл рәсімді той-думанға айналдырады.

×
×

Корзина