Информатика – ақпараттың құрылымы, қасиеті, оны жинақтау, сақтау, өңдеу, іздеу, түрлендіру, тарату және адам қызметіне жарату мәселелерін зерттейтін ғылым.
«Ақпарат» термині латынның түсіндіру, мазмұндау, мәлімет деген ұғымдарды білдіретін «informatiо» сөзінен шыққан.
Ақпараттық процестердің бес түрі болады: ақпаратты алу, беру, сақтау, өңдеу және қолдану (1.1.4-сурет).