Ертеректе жаңа киімдер, асыл бұйым дар әжелердің құпиясы көп сандығында сақталатын. Енді сол ғажайып сандықта қандай қазына бар екенін көрейік. Біз оның ішінен әдемі әрі қызықты көптеген бұйым дар ды табамыз.
Әйелдердің киімі мен әшекей бұйым дары әсемдігімен ерекшеленген. Киімдерді негізінен тері, жүн, киіз бен қолдан тоқылған кенептен тіккен. Кейінірек бағалы маталар – жібек, атлас, барқыт қолданыла бастады.
Әйелдер етегіне желбір жүргізіп, өрнектелген қос етекті көйлек, оның сыртынан ою-өрнектерм ен әшекейленген қамзол, салқын күндері шапан киген.