Әже сандығынан көздің жауын алатын зергерлік бұйымдар да табылады. Қазақ әйелдері әшекей бұйым дарын үнемі та ғып жүрген. Олар тек сән беріп қоймай, бәле-жаладан сақтайды деп сенген.
Қазақ зергерлері сәндік бұйымдарын жасаудың тәсілдерін жетік меңгерген: күмісті өңдеген, түрлі ою-өрнек салған; алтын мен мысты жұқартып, күмістің бетіне өрнектер шекіген. Металл түйіршіктерін жапсырып, асыл тастармен әшекейлеген. Арнайы құралдармен өте нәзік ою-өрнек үлгілерін бедерлеген. Осылайша әшекей бұйым дары нақышына келтіріп өрнектелген. Бағалы та стар ды геометр иялық, зооморфтық және өсімдік тектес әсем өрнектермен әшекейлеген.
Әшекейлі, өрнекті бұйымдардың бірі – көйлектің омырауына салаты н өңіржиек және алтын, күмістен жасалған әйелдердің білекке салатын сәнді бұйымы – білезік.