ӘРТҮРЛІ ЗАТТАРДЫҢ КӨЛЕМІН КӨРСЕТУДЕГІ СЫЗЫҚ ПЕН ШТРИХТІҢ МАҢЫЗЫ

  Біз бейнелейтін заттардың бәрі де көлемді, ал қағаз беті жазық. Сонда суретшілер қалайша жазықтағы заттарды көлемді етіп көрсетеді? Егер көлемді заттарды түзу сызықтармен штрихтасақ, онда олар мына құмыралар тәрізді жазық болып көрінеді.

  Алайда сол сызық пен штрихар қылы көлемді де көрсетуге болады. Сен жоғары сыныптарда сызық және штр ихтің көмегімен әртүрлі көлемді заттарды бейнелеп, оларға жарық пен көлеңке түсіруді үйренесің. Әзірше құмыраның пішініне ыңғайлас сызықтар жүргізіп көрейік.

1. Саған мына төрт құмыраның қайсысы көлемді болып көрінеді?
2. Олардың көлемі не арқылы көрініп тұр?

  Сызықтармен көлемді көрсету үшін жеке тұрған заттардың суретін немесе әртүрлі сызықтар арқылы натюрморт салуға болады.

  Осыған дейін сен сызықтардың көмегімен натюрморттың көңіл күйін, сондай-ақ қара және ақ түстің үйлесімін көрсетуге тырыстың. Енді сызықтар арқылы заттың пішіні мен көлемін көрсетуге дағдылан. Мына натюрморттардағы сызықтардың иірімдерін және олардың пішінмен байланысын анықта п көр.

1. Штрих дегеніміз не екенін, ол сызықтан несімен ерекшеленетінін есіңе түсір.
2. Штрих арқылы қандай заттарды бейнелеуге болады?

  Сен суретшінің сызық пен штрих деген екі көмекшісі бар екенін білесің. Суреттеріңді штрих сызықтарымен толықтыратын болсаң, олар әсерлі әрі көлемді көрінеді. Мына заттардың сызық пен штрихтің көмегі арқылы көлемге ие болғанына қарашы.

  Орыс суретшісі М. Врубельдің сызық пен штрихті пайдаланып жұмыс істеу тәсіліне назар аудар. Әрбір штрих заттың пішіні мен көлемін ғана емес, сондай-ақ материалдың ерекшелігін де көрсетеді. Біз графиннің шыныдан, шам қойғыштың ауыр металдан және терезе жақтауларының ағаштан жасалғанын анық байқаймыз.

  Суретші Д. Митрохиннің мына жұмыстарындағы сызықтар мен штрихтарға қарашы. Олар заттардың пішінін дәл бере ала ма? Өз жауабыңды түсіндір.

×
×

Корзина