НАТЮРМОРТ ҚҰРАСТЫРУ ӨНЕРІ

  Суретші натюрморт салуды оны құрастырудан бастайды. Әртүрлі заттарды таңдап, салыстырады. Олардың ішінен түрі мен мазмұны жағынан бір-біріне сәйкес заттарды іріктеп алады.
  Содан кейін натюрморттың композициясын құруға кіріседі. Заттардың орнын қайта-қайта ауыстырып, ең ұтымды нұсқасын іздей отырып, суретші аса тартымды композицияға қол жеткізеді.
  Натюрморттағы заттардың орнын неше түрлі етіп құбылтуға болатынын мына суреттерден қара . Енді құрылған композицияларды салыстырамыз.

  Бірінші композицияда заттар бір-бірінен бөлек жатыр. Олардың бір-бірімен байланысы жоқ, сол себепті олар қызықсыз тізіліп тұр.

  Екінші композицияда заттар топта стырылған және олар анағұрлым тартымдырақ болып көрінеді. Бірақ натюрморт екі бөлікке бөлініп тұрған сияқты. Ондағы ұзын құмыра басқа заттарға үйлеспей тұр.

  Үшінші натюрморттағы заттар қызықты топтастырылған. Тігінен тұрған тәрелке барлық заттарды жинақтап тұр. Олар бір-бірімен байланыса орналасқан.

  Төртінші натюрмортқа мұқият қара. Оны ең сәтті шыққан деп санауға бола ма? Өз жауабыңды түсіндір.

  Бұдан былай сен суретшілердің натюрморттарын тамашалаған кезде ондағы заттардың орнала суына көңіл бөлетін боласың. Өзің де натюрмортпен жұмыс істегенде әсерлі композиция ойлап тап.

×
×

Корзина