Суретшілер пейзаж салғанда қандай да бір табиғат құбылысын бейнелейді. Олар биғаттағы өзгерістерді, түс пен жарықтың құбылуын бақылағанды ұнатады. Қоршаған ортаға мұқият зер сала отырып, әсерлі туындылар салады.
1. Мына картиналарға қарап, суретші табиғат көрінісін бейнелеу арқылы көрерменге нені жеткізетінін айт. 2. Картиналарда қандай табиғат құбылыстары бейнеленген? Бұл құбылыстарды беруде жарықтың рөлі қандай?