ТҮСТЕРДІҢ ЖАРЫҚҚА ТӘУЕЛДІЛІГІ

  Егер сен байқам паз болсаң, онда заттар тәулік мезгілі мен ауа райының құбылуына қарай түсін өзгерт етінін білесің.

  Тәуліктің қай мезгілінде жарық көп түседі, ал қай кезде аз түседі?

  Түстері әртүрлі екі-үш зат дайында. Мысалы, қызғылт сары апельсин, қызыл қарындаш пен кітап және көк шар. Олардың түсін күндіз, кеште және күн батқан кезде бақыла. Олардың түсі қай кезде қанық көрінеді? Ал қай кезде қанықтығын жоғалтады? Қорытынды жаса.

  Француз суретшісі Камиль Писсарроның Париждегі Монмартр бульварын бейнелеген құрылымы бірдей үш туындысын көріп тұрсың. Алайда жұмыстардың әрқайсысы түрлі әсер бер еді және түс үйлесімдері де әртүрлі. Суретші қандай тәулік мезгілін және қандай ауа райы құбылысын бейнелегенін анықта.

  Мына фотосуреттерден де қала көрінісін көріп тұрсың. Бұл – Алматыдағы аудандардың бірі. Зер салып қарап, онда қандай тәулік мезгілі көрініс тапқанын анықта. Бір табиғат көрінісін тәуліктің әр мезгілінде бірнеше рет суретке түсір.

  Оларды альбомыңа желімдеп, түс үйлесімі түсіру уақытына қарай қалай өзгеретінін талда. Әрбір фотосуреттің астына сәйкес жазба қалдыр.

  Қанық және қанық емес түстер арқылы ненің суретін салуға болатынын есіңе түсір.

  Таң сәріде, күн ұясынан әлі шықпаған кезде айнала жарық болғанымен, барлық заттар қанық емес бозғылт көгілдір түске боялады.

  Күн ұясынан шыққан соң, заттар қанық ашық түске ие бола ды. Ал көлеңкеде заттардың түсі қанық емес қою түске ауысады.

  Кешке қарай күн батар кезде жарық та азаяды, түстер қанық реңін жоғалтып, анағұрлым күңгірт тартып, суық реңктерге ауыса бастайды.

  Ал түнде түстер реңін мүлде жоғалтып, айналамызда тек қою, қара реңкті түстер ғана қалады.

  Демек, тәулік мезгілі мен ауа райының әртүрлі жағдайларында заттардың түсі өзгеретініне көзіміз жетті. Ашық күні заттардың түсі едәуір қанық болады. Бұлтты күні, күн ұясынан шықпаған кезде немесе кешке күн батарда заттар өзінің қанықты ғын жоғалта ды. Өзің де байқаған боларсың, заттардың бояуы оларға түскен жарықтың мөлшеріне қарай өзгереді.

  1. Мына үш жиынтықтың қайсысына жарық көп түскен? Жауабыңды түсіндір.
  2. Әрбір түс үйлесіміне сипаттама бер.

  Егер сен айшықты суретті қаласаң, онда күн ашық кезде түсіру керек. Бұлтты күні бояулардың бәрі күңгіртт еніп, анық көрінбейді. Мына екі фотосурет қандай ауа райында түсірілгенін анықта. Олардың түсін сипатта .

×
×

Корзина