АЙНАЛМАЛЫ САЛПЫНШАҚ ЖАСАЙМЫЗ

  Егер сен көз алдыңда таң түскі уақытқа, түскі мезгіл кешке, кешқұрым түнге, тамыл жыған шайдай ашық күн бұлтты не желді, жаңбырлы күнге айналғанын көргің келсе, айналмалы салпыншақ жасап көр. Әртүрлі тәулік мезгілі мен ауа райы, жыл мезгіліндегі табиғат құбылысын бейнелеген суреттерің мен фотосуреттерді пайдалана аласың.

  Саған әртүрлі тәулік мезгілі, ауа райы және әр алуан табиғат құбылысы бейнеленген фотосуреттер не өзің салған сурет немесе суретшілер туындыларының репродукция-лары, түрлі түсті қатырма қағаз парақтары (4–6 дана),қайшы, желім, біз, ілетін жіп не бау, табиғи және жасандыматериалдар керек.

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАСАЛУ РЕТІ

  1. 5–6 адамнан топқа бөлініңдер. Топтың ішінде жұмысты
бөліп 
алыңдар. Бірі сурет пен фотосуреттерді, енді бірі суретт ерді желімдейді, біреулері безендіру үшін ұсақ бөліктерді қияды.

  2. Өткен сабақта салған суреттеріңді дайындап қойыңдар. Фотосуреттерді де пайдалануға болады. Өлшемі мен пішімі бірдей жұмыстарды таңдаған дұрыс.

  3. Суретт ердің өлшеміне сәйкес қалың қатырма қағазды әзірлеңдер. Қатырма қағаздың өлшемі суреттен 1 см-ге артық болу керек.

  4. Әрбір қатырма қағаз пара ғына сурет немесе фотосуреттің бірін жапсырыңдар. Қағаз парақтары бір түсті немесе суреттің түсіне сәйкес болуы мүмкін. Суреттің айналасына жаңбыр тамшыларын, қар ұшқынын, бұлт пен күнді жапсырып немесе суретін сала аласыңдар.

  Бұлтты күнді бейнелеу үшін қандай түсті қағаз таңдайсың? Қанық түстер қандай күн райына сәйкес келеді?

  5. Безендірілген қағаз парақтарын ретімен орналастырып, бір қатарға қойыңдар. Олардың жоғары және төмен бөлігін түзулеңдер. Сұр түсті қағаздан қатырма қағаздың ұзындығындай, ені 3 см қағаз жолағын қиып алып, суреттегідей етіп парақтың жоғарғы жағына желімдеңдер.

  6. Қағаз парағын мұқият аударыңдар. Қағаздардың біріккен тұсын, одан кейін екі жағын да бүктеңдер. Сонда мынадай көпқырлы пішін шығады.
  7. Көпқырлы қағаздың жоғарғы жағы мен екі жағынан бірдей қашықтық қалдырып, қарындашпен белгі қойыңдар да, үлкендерден бізбен тесіп беруін сұраңдар.

  8. Жіптің өлшемін бірдей етіп қиып алыңдар. Оны тесіктен өткізіп, ұшын түйіңдер. Жіптердің ұшын түйістіріп, бәрін бірге түйіңдер. Міне, бұйым дайын болды. Оны жақындарыңа сыйлауға немесе бөлмені безендіруге болады.

×
×

Корзина