ТАБИҒАТ ҚҰБЫЛЫСЫН БЕЙНЕЛЕЙМІЗ

  Қандай табиғат құбылысын бейнелейтініңді шешіп ал. Табиғат құбылы сын бейнелейтін жанрды таңда. Ол пейзаж, портрет, натюрморт (мысалы, күзгі жапырақтар фонындағы портрет не натюрморт), тұрмыстық жанр немесе анималистік жанр болуы мүмкін.

  Композиция жасау бары сында қандай материалдарды пайдаланатыныңды ойлан. Ол акварель не гуашь бояулары , фломастер, түсті қарындаштар , пастель болуы мүмкін. Аралас тәсілмен немесе монотипия, аппликациямен жұмыс істеуге болады.
  Жасайтын жұмысыңның композициясын ойлан. Оның пішімі мен өлшемін анықтап ал.
  Егер бояумен жұмыс істейтін болсаң, жұмы сыңа сәйкес келетін түс үйлесімін таңда. Өзің білетін түс ерекшеліктерін есіңе түсір.

БАЛАЛАР САЛҒАН СУРЕТТЕР

  1. Балалар салған суреттерге қара. Олар қандай табиғат құбылысын бейнелегенін тап.
  2. Балалар қандай материалдармен жұмыс істеген?
  3. Бұл жұмыстарды қай жанрға жатқызуға болады?

×
×

Корзина