Әрбір адам қоршаған ортаны қорғау өзінен бастау алатынын түсінуі тиіс. Құстың ұясын бұзба, құстарға жемсалғыш жаса, жануарларға қамқор бол, ағаш отырғыз, орманда от жақпа, табиғатқа шыққанда қоқыс тастама. Ол сенің қолыңнан келеді. Сонымен қатар бояу, қылқаламмен де қоршаған ортаға деген қарым -қатынасыңды білдіріп, суреттерің мен плакаттарың арқылы адамдарды табиғатты аялап, қорғауға шақыра аласың. Бұл да орасан зор еңбек.