ПЛАКАТ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

1. Қоршаған орта дегеніміз не екенін есіңе түсір.
2. Бұл ұғымға не кіретінін айтып бер.

  Суретшілер қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосады. Олар адамдардың назарын экологиялық мәселелерге, табиғат – бәріміздің ортақ үйіміз, сондықтан оны қорғау қажеттігіне аудара ды. Жыл сайын әртүрлі елдерде экологиялық плакаттардың байқауы өтеді. Жас суретшілер де плакат жасап, қоршаған орта ны қорғау мәселесіне ат салысады. 
  Плакат – графиканың бір түрі. Онда сурет пен мәтін көрініс табады. Мысалы , экологиялық плакаттар табиғатты қорғауға үндейді.
  
Жасайтын плакатың әдемі болу үшін кейбір тәсілдерді білу керек. Плакатта ең басты нәрсені көрсетіп, ұсақ – түйектерді көрсетпей, алып тастауға да болады.

А. Саврасов . Емен

И. Левитан. Емен

  Мысалы, егер график-суретші ағаштың суретін салса, ол ағаштың пішіні мен сызықтарына көңіл бөледі, ұсақ бөліктерін: қабығын, жіңішке бұтақтарын, жапырағын сала алады. Мұндай суретке қарап, ағаштың түрін анықтау қиын емес. 
  Кескіндемеші-суретші ағаштың түсі мен оған түскен жарықты зерттеп, бояу түсін таңдайды, жүздеген бояу реңктерін пайдаланып, түс арқылы пішінді, көңіл күйді көрсетеді.
  
Егер суретші ағаштарды қорғау мақсатындағы плакат
жасаса, онда белгілі бір ағаштың суретін сал у міндет емес. Ол ағаштың сұлбасын салып, артық, елеусіз нәрселерді алып тастап, жеңілдете отыры п, ең басты нәрсені көрсетеді. Суретшілер плакат жасағанда реңсіз түстерді пайдаланады.

  Символ (белгі, нышан) дегеніміз не? 3-сыныпта жасаған белгілеріңді есіңе түсір. Ол плакат жасағанда керек болады.

  Табиғаттағы гүл, ағаш, жануарлардың бірін таңда. Оларды мұқият зертте. Оның сыртқы түріндегі ең басты нәрсені анықта. Артық нәрселерін алып тастап, суретін салып көр. Суретіңе қарап, нені салғаныңды табуға бола ма? Қорытынды жаса.

 Мына суреттерге қара. Суретші ағаштың пішінін барынша оңайлатып, ең басты бөліктерді: діңі мен бұтақтарын, жапырақтарын ғана қалдырған. Әрине, сен оның ағаш екенін білесің, бірақ қай ағаш түрі екенін таба алмайсың. Кейде плакат жасағанда нақтылық аса маңызды емес.

×
×

Корзина