ЖҰЛДЫЗДЫ АСПАН

  Өмірінде бір рет болса да түнгі аспандағы жұлдыздарды тама шаламаған адам жоқ шығар. Сен де түнде жұлдыздарды талай қызықтаған боларсың. Адам көктегі тылсым дүниенің құпия сырын білмекке құштар болды. Сондықтан да болар аспан денелерін зерттейтін астрономдар пайда болды.

  Сен аспан денелеріне не жататынын әртүрлі дереккөздерден оқып білген боларсың? Өзің білетін аспан денелерін ата.

  Жұлдыздар ежелден адамдардың қызығушылығын тудыратын. Бір-біріне жақын орналасқан жұлдыздар дың тобы қандай да бір жануарға ұқсатылып, соған лайық атауға ие болған. Мысалы : Аққу, Қоян, Арыстан, Айдаһар. Көптеген шоқжұлдыздар аңыз кейіпкерл ерінің атымен аталған. Мысалы: Геркулес, Персей, Андромеда. Адамдар географиялық карталар болмаған кезде шоқжұлдыздарға қарап, жолды тапқан, жыл мезгілдерін анықтап, шаруашылықтарын жоспарлаған, жорамал жасап отырған.

  Б.з.д. II ғасырда астроном Клавдия Птолемейдің тізіміне шоқжұлдыздардың 48 атауы енген, олардың 47-і бүгінгі күнге дейін жеткен. 16 ғасыр да әйгілі неміс суретшісі Альбрехт Дюрер типографиялық тәсілмен басылған тарихтағы алғашқы аспан жұлдызының картасын жасады. Ежелгі грек астрономы Птолемей белгілеп кеткен шоқжұлдыздарды Дюрер ағашқа ойып жасаған суреттермен толықтырды. Осылайша ол ағаштан жасалған бедерлі гравюралардың көптеген түрін жасады.

  Ғаламтордан немесе басқа да дереккөздерден Жетіқарақшы жұлдызы туралы мәліметті ізде. Темірқазық деген не? Онда жұлдыздар қалай орналасқан? Түнде Жетіқарақшыны бақыла. Басқа да шоқжұлдыздар туралы мәліметтерді тауып оқы.

  Аспан шырақтарының бейнелері халық қолөнерінде де қолданылады. Халқымыздың қолөнерінде жұлдыз, ай, күнді бейнелейтін аспан денелеріне ұқсас өрнектер жиі кездеседі.

  Қандай өрнек түрлерін білетініңді есіңе түсір. Жұлдыз, күн, ай тәрізді ұлттық ою-өрнектерді ата. Қазақ шеберлерінің қолынан шыққан бұйымдарға зер сала қарап, аспан денелерін білдіретін өрнектерді тап.

 Өзің жұлдыз тәрізді белгілерді ойлап тауып, оларды полимер балшықтан мүсінде немесе фольгаға суретін салып, қиып ал. Олар ал да жасайтын жұмысыңа керек болады.

×
×

Корзина