«ЖҰЛДЫЗДЫ АСПАН» ШАМЫН ЖАСАЙМЫЗ

  Ата-анаңмен немесе досыңмен бірге түнде жарық беретін шам жасап көр. Оны жасау қиын емес және әдемі көрінеді.

  Саған қара, қою көк, қою күлгін түсті қалың қағаз, полимер балшық, алтын не күміс түстес фольга, жай қарындаш, қайшы, желім, шам керек.

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАСАЛУ РЕТІ

  1. Ғаламт ордан немесе басқа да 
дереккөздерден шоқжұлдызды аспан картасын ізде. Өзіңе ұнаған шоқжұлдызды таңдап алып, оны принтерден шығар да, күңгірт түсті қағазға негізгі шоқжұлдыздарды түсір. Сурет көріну үшін ашық түсті қары ндашпен сызған дұрыс.

  2. Үлкендерден әрбір жұлдыздың орта сын бізбен тесіп беруін сұра. Одан соң кішкентай өткір қайшымен жұлдыздарды қиып ал. Егер қиюға қиналсаң, үлкендерден көмек сұра .

  3. Алтын не күміс түстес фломастермен жұлдыздардың жиегін айнал дыры п сызып, олар ды тік сызықтарм ен байланыстыр.
  4. Әдемі жазу үлгісін ойлап тап. Күміс не алтын түсті фломастермен шоқжұлдыздың атауын жаз. Картада шоқжұлдыздардың аты латын тілінде жазылады, соларды көшіріп алуыңа да болады.
  5. Қағазды айналдырып ора да, екі жағын бір-біріне желімде. Сонда мынадай цилиндр шығады.

1. Геометриялық пішіндердің жалпы атауын есіңе түсір.
2. Олар жазық пішіндерден несімен ерекшеленеді?
3. Бірнеше геометриялық пішіндерді ата.

  6. Дайын цилиндрге полимер балшықтан немесе фольгадан жасаған жұлдыздарды желімде. Арасын сиректеу етіп жапсырған дұрыс. Әйтпесе шоқжұлдыздар көрінбей қалады.

  7. Цилиндрдің ішіне шамды орналастыр. Енді жағып көр. Қарашы, түнде жарқыраған жұлдызды аспан тәрізді!
8. Бөлмедегі жарықты сөндір. Шынымен де әдемі емес пе? Өзің жасаған жұлдыздар бөлмеңе жарық беріп тұр. Тылсым әлемді армандап, ғарышқа саяхат жасағың келсе, жұлдызды шамды жағып, өзіңді батыл ғары шкер ретінде сезіне аласың. Тағы бір шам жасап, ең жақын досыңа сыйла.

×
×

Корзина