ҒАРЫШКЕР-СУРЕТШІЛЕР

  Адам аспан әлемін тама шалап қана қоймай, оны бағындырып, ғарыш кеңістігін игеруді армандады. Арма нға апарар жол ұзақ болып, 20 ғасырда ғылым мен техниканыңдамуының арқасында адамдар мақсатына жетті.

1. Ғарышқа ұшқан алғашқы ғарышкер кім?
2. Тұңғыш қазақ ғарышкерін ата.
3. Ашық ғарыш кеңістігіне шыққан бірінші ғарышкер кім?

  Адамның алғаш рет ғарышқа ұшқан уақытынан бері 50 жыл өтті. Ғарышкерлер ғарыш кеңістігінде ұзақ уақыт болып, әртүрлі зерттеулер жүргізді. Алайда адамдар ғарышты аңсауды жалғастыра берді. Жазушылар басқа ғаламшарлықтар туралы қиял-ғажайып оқиғалар ды жазса, ғалымдар жаңа ғарыш жобаларын ойлап табады. Ал суретшілер ғарышқа арналған туындылар салады. Ең қызығы, ғарышкерлердің ішінде де суретшілер бар.

А. Леонов. Ғарыш кеңістігіне шығу

А. Леонов. Шұңқыр

  Ғарыш кеңістігіне алғаш шыққан ғарышкер Алексей Леонов болды. Ғарыш көрінісінің әдемілігіне там санған ол балалық шағы есіне түсіп, қолына қыл қалам мен бояуды еріксіз алған.
  
Ғарышкер-ұшқыш Владимир Жәнібековта сурет салумен айналысқан. Әрине, оның еңбектерінің басты тақырыбы ғарыш болды.

  Өзіңді алғаш рет ғарышқа аттанып бара жатқан ғарышкерлердің орнына қойып көрші. Сонда ойыңа ең бірінші не келер еді? Нені есіңе алар едің? Ғарышқа өзіңмен бірге не алып кетесің? Ойланып, шағын әңгіме құра .

А. Жәнібеков . Жұмысқа

А. Бин. Ғарыш Пейзажы

  Ғарышты бағындырған америкалықтарды астронавт дейді. Алан Бин – Айға аяқ басқан төртінші астронавт. Ол да ғарыштың суретін салумен шұғылданған.

×
×

Корзина