Мұны композиция құрастырғанда ескеру керек. Алайда тепе-тең композиция тұтас, яғни бірнеше бөлікке бөлініп қалмауы тиіс. Қарашы, 1-сурет тепе-тең қалыпта көрінеді, кішкентай құс үлкен сусиырды тепе-тең қалыпқа түсірді. Бірақ суретте тұтастық жоқ, ол екі бөлікке бөлініп тұр. Ал 2-суретте әткеншектің сызығы екеуін біріктіріп, сурет біртұтас көрінеді.