1. Қағаздан 20х20 см болатын екі шаршы және өлшемі бірдей бірнеше дөңгелек қиып ал.
2. Шаршыларға дөңгелектерді бірдей етіп орналастырып, композицияға қара. Қандай да бір дөңгелекті ерекшелей аласың ба?
3. Дөңгелектің бірін алып тастап, оның орнына өлшемі үлкен дөңгелекті қой. Сен бірінші кезекте қай дөңгелекке назар аударасың? Үлкен дөңгелек композициядағы басты бөлік деп айтуға бола ма? Қорытынды жаса.
4. Үлкен дөңгелекті алып тастап, оның орнына басқа түсті дөңгелекті қой. Бірінші және үшінші композицияларды салыстыр. Дөңгелек қай композицияда айрықша көрінеді? Қызыл дөңгелек композициядағы басты бөлік деп айтуға бола ма? Екінші қорыты ндыны жаса.
5. Қызыл дөңгелекті алып тастап, оны орнына басқа пішінді қой. Мысалы , үшбұры шты. Бірінші және төртінші композицияны салыстыр. Ең алдымен не нәрсеге назар аударасың? Үшбұрыш композициядағы басты бөлік деп айтуға бола ма? Үшінші қорытындыны жаса. Композициядағы басты бөлікті қандай тәсілмен көрсетуге болатыны туралы жалпы қорытынды шығар.