«БОЛАШАҚТЫҢ ҚАЛАСЫ» ЖОБАСЫНЫҢ ҮЛГІСІН ЖАСАЙМЫЗ

  Бұл бұйымды бірігіп жасау барысында сендер төрт жыл бойы меңгергендеріңді еске түсіресіңдер. Жоба жұмысында түс, композиция туралы білетіндеріңді ортаға салып, сәулетші, дизайнер ретінде жұмыс істеп, ой ұшқырлықтарыңды, ұжымда жұмыс істей алатындарыңды көрсетіп, жасаған жобаларыңды көрермендерге таныстырасыңдар.

  Саған қалың қатырма қағаз, түсті қағаз, қайшы, желім, сым, тісшұқығыш, сіріңке, түсті фломастерлер, полимер балшық, қолданыстан шыққан материалдар, пластик жәнешыны бөтелке, түйме, табиғи және жасанды материалдар керек.

ЖҰМЫСТЫҢ ЖАСАЛУ РЕТІ

  1. 7–8 адам нан топқа бірігіңдер. Топта қаланы қалай жасайтындарыңды талдаңдар.
  2. Жасайтын жұмыстарыңның композициясын ойластырыңдар. Түс үйлесіміне мән беріңдер. Ол жылы, суық не қарама-қарсы, қанық немесе қанық емес болуы мүмкін. Ол сендердің идеяларыңа байланысты.
  3. Топтың ішінде кімнің не істейтінін анықтаңдар. Қаланы орналастыратын қағазды кім безендіретінін, қызықты нысандарды кім жасайтынын шешіп алыңдар. Әртүрлі заттардан нысан жасауға болады. Ең бастысы, ой ұшқырлықтарың мен талап-талпыныстарыңды көрсетіңдер.

  Спираль бойынша оратылған жай сым мен қалың қағаздан желімделген екі цилиндр, қолданыстан шыққан екі жуан фломастер қызықты аркаға айналады.

  Үшінші сыныпта сәулет кешенін қалай жасағаныңды есіңе түсір. Қағаздан тағы қандай көлемді пішіндер жасауға болады?

  Егер талаптансаңдар, жай сым мен сіріңкенің шырпысы да ерекше құрылым болып шыға келеді.

  Әтірдің босаған құтысы. да субұрқаққа айналады. Тісшұқығыш не шырпының ұшына полимер балшықтан жасалған шарларды 
жапсырып, екінші ұшын көлемдірекшарға кіргізіп, оны сауытқа не басқа затқа орналастырыңдар.

Бала кездеріңде ойнаған «Лего» да мұнараға айналуы мүмкін.

  Қалада міндетті түрде әртүрлі өсімдіктер жайқалып тұруы тиіс. Оларды қағаздан, полимер балшықтан, кепкен өсімдіктерден жасай аласың.

  5. Композиция бөліктерін жасап болғаннан кейін, композицияны құрастыруға көшіңдер. Ерекше түрде орналастыру жолдарын іздеңдер.

 Ізденімпаздықтарыңды танытып, композицияны бөліктермен толықтырыңдар. Жобаны толық аяқтауға тырысыңдар. Композициядағы басты бөлікті қалай айқындап көрсету керектігін еске түсіріңдер. Тәсілдердің бірін таңдай отырып, басты бөлікті ерекшелеп көрсетуге тырысыңдар . Қалаларыңа атау беріңдер.

Композициядағы басты бөлікті көрсет. Ол қандай жолмен ерекшеленіп тұр?

×
×

Корзина