Қазақстан Ресеймен тығыз байланыстар орнатқан. Екі елдің тарихы да ортақ, шегаралас аумақтары да тым ауқымды (7,5 мың шақырымнан асады), оған қоса экономикалық және мәдени байланыстары жақсы дамыған.
1991 жылы КСРО ыдырағаннан кейін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы қалыптасты. Қазақстан өзінің оңтүстіктегі жақын көршілері – Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстанмен, сондай-ақ ТМД-ның басқа да елдерімен іскерлік қарым-қатынастар орнатты.
Қытаймен арада берік байланыстар орнай бастады. Қазақстанмен арадағы сауда саласында Қытай елі Ресейден кейінгі екінші орында.
Қазақстан АҚШ, Франция, Германия тәрізді әлемдегі жетекші елдермен де жан-жақты байланыстар орнатқан.