Матрицалармен таңба жасаймыз

  Қандай пішіндерді білетініңді есіңе түсір. Оларды ата .

Пішіні әртүрлі заттарды таңда. Әр алуан матрицалармен таңба жаса. Жақсы шыққан матрицалардың таңбасын пайдалан.

    ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

      Гуашь бояуын палитрада араластыр . Сен оған матрицаны қағазға таңба түсіру үшін маласың.                            Дөңгелек, үшбұрыш, сопақша, тік төртбұрыш, ромб тәрізді пішіндерден әртүрлі суреттер жасайсың.                    Алдымен бір немесе бірнеше элементті қайталай отырып, қарапайым өрнек құрап көр. Өрнек – сызық не пішіннен тұратын әшекей түрі. Ол түрлі түсті немесе ақ-қара болады.                                                                  Қарапайым өрнек құрастырып үйренгеннен кейін, күрделірек жұмыс жасап көр. Түсті қағаз парағына суретіңді қарындашпен сал . Сонда таңба салу оңай болады.

 №1 жұмыс дәптерінің 20–23-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

×
×

Корзина