Менің құқықтарым мен міндеттерім

СЕН:
– Конституцияның мәні туралы қорытынды жасауды үйренесің.
– Қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы кеңірек танысатын боласың.

«Конституция» деген сөзді естігенде сен көз алдыңа нені елестетесің?

  Сен – Қазақстанның азаматысың. Қазақстан Республикасының Конституциясында біздің еліміздегі азаматтардың құқықтары мен міндеттері жазылған. Сен өзіңнің кейбір құқықтарыңмен осыған дейін танысқансың. Мына суреттерге қарап, соларды айтып бер.

  Біздің Конституциямыз бойынша адамның құқықтары және бостандықтарымен танысуды жалғастырайық.

  12-бап (2). Республиканың азаматы өзінің азаматтығына орай құқықтарға ие болып, міндеттер атқарады.
  15-бап (1). Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. (2). Ешкімнің өз бетінше адам өмірін қиюға хақысы жоқ.

  19-бап (2). Әркімнің ана тілі мен төл мәдениетін пайдалануға, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдап алуға құқығы бар.

  20-бап (1). Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік беріледі. Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.

  25-бап (1). Тұрғын үйге қол сұғылмайды. Соттың шешімінсіз тұрғын үйден айыруға жол берілмейді. Тұрғын үйге басып кіруге, оны тексеруге және тінтуге заңмен белгіленген реттер мен тәртіп бойынша ғана жол беріледі.

  26-бап (1). Қазақстан Республикасының азаматтары заңды түрде алған қандай да болсын мүлкін жекеменшігінде ұстай алады.

  26-бап (4). Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар.

  32-бап. Қазақстан Республикасының азаматтары бейбіт әрі қарусыз жиналуға, жиналыстар, митингілер мен шерулер өткізуге және тосқауылдарға тұруға хақылы.

  33-бап (2). Республика азаматтарының мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару ұйымдарын сайлауға және оларға сайлануға, сондай-ақ республикалық референдумға қатысуға құқығы бар.

  ҚР Конституциясының 14-бабының 1-тармағында заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең құқылы делінген.
  14-бап (2). Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды.

ҚР Конституциясының 14-бабын қалай түсінгеніңді айтып бер.

  Конституцияда құқықтардан бөлек Қазақстан азаматтары орындауға тиісті міндеттер де жазылған.

Жұппен жұмыс істей отырып, мына суреттер бойынша өздеріңнің аса маңызды міндеттеріңді айтып беріңдер.

Жұптық жұмыс

«Эстафета» ойыны

  Қазақстанның азаматы ретіндегі өздеріңнің құқықтарыңды кезекпен айтып беріңдер. Оған сабақта білген құқықтарды да қосыңдар. Өз жауаптарыңды «Менің … құқығым бар» деген сөзбен бастаңдар.

Парталас көршіңе «Міндетсіз құқық болмайды, құқықсыз міндет болмайды» деген сөзді қалай түсінетініңді айтып бер. Оның айтқан пікірін тыңда.

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

  – Қазақстан азаматтарының құқықтары мен міндеттері туралы коллаж жасаңдар.
  – Біздің қоғам өміріндегі Конституцияның мәні туралы шумақ құрастырыңдар.

  Сені Парламент депутаты етіп сайлады деп ойла. Сен қандай заң қабылдауды ұсынар едің?

Шығармашылық жұмыс

×
×

Корзина