– Әрине, жасыл түс, – дейсің.
Алайда суреттердегі жасыл түс бірдей ме? Көріп тұрғаныңдай олардың түсі әртүрлі ! Әлде бұл басқа түс пе? Жоқ, бұл расында да жасыл түс, ал оның реңктері алуан түрлі. Реңк – бұл бір түстің бірнеше түрге түрленуі. Әрбір бояу түсінің көптеген реңктері болады. Бір түстің реңктері бір-біріне туыстай ұқсас болады. Жаңа бояу реңктерін шығару үшін бір түске басқа түсті қосу керек. Сонда бір түстің алуан түрлі реңктерін аласың .