Тас дәуірінен ғарыш кемесіне дейін

СЕН:
– техникалық прогресс жайлы білетін боласың.
– техникалық прогрестің адам өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруді үйренесің.

Салыстыр

Тас дәуірінен өмір сүрген адам мен осы заманғы адамды салыстырып көр. Ежелгі адамдар не жасауды білген? Қазіргі адамдар нені жасай алады?

Прогресс – бұл алға басу, дамудың жоғарғы сатысына көтерілу.

  Кез келген прогрестің негізінде адам баласының білімге деген ұмтылысы, ізденісі мен тынымсыз еңбегі жатады.
  Тас дәуірінде техникалық прогресс өте баяу жылжыды. Қарабайыр тас балталардың орнын кремний пышақтар мен балталар алмастырғанға дейін мыңдаған жылдар өтті. Адам баласы тек көптеген ғасырлардан кейін ғана еңбек құралдарын қола мен темірден жасауды үйренді.

Ауылшаруашылығында еңбек құралдарының прогресі қалай жүрді?

  Шаруалар жерді ұзақ уақыт бойы соқамен қопсытқан. Одан алынатын астық та шамалы болатын. Одан кейін адамдар соқа мен темір соқаны ойлап тапты. Атпен тартатын дөңгелекті соқаны қуатты тракторлар алмастырды. Адам баласының өмірі жақсарды. Олар астық пен өзге де өнімдерді көптеп өсіре бастады. Бұл адам баласын аштық қаупінен құтқарды.
  Өзге салалардағы прогресс мысалдарын қарастырып көрейік.
  Адам баласы жерде жүрсе де аспанға ұшуды армандады. Ол үшін ұшатын аппарат қажет екенін түсінді. Алғашқылардың бірі болып ұшақты америкалық ағайынды Райттар жасап шығарды. Олардың ұшағы 1903 жылы көкке көтерілді.
  Мына суреттерге қарап, жүз жылдан сәл асатын уақыттың ішінде авиациядағы прогрестің қалай дамығанын көріңдер.

Ағайынды Райттардың
ұшағы (1903)

Бірінші Дүниежүзілік соғыс
кезіндегі ұшақ (1915)

Дыбыстан жылдам ұшатын
кеңестік ұшақ Ту-144 (1975)

Боинг-757 ұшағы
Эйр Астана (2018)

  ХХ ғасырдың ортасында ғарыш дәуірі басталды. Бүгінде ғарышқа жұлдызаралық зымырандар ұшып жатыр. Жер орбитасында ғарыш стансылары шығарылды. Оларда әлемнің түрлі елдерінен барған ғарышкерлер жұмыс істейді.

«Союз» ғарыш кемесі (2015)

«Мир» орбиталық ғарыш стансысы

  Міне, осылайша адам баласы тас дәуірінен ғарыш кемелеріне дейінгі ұзақ жолдан өтті.
  ХХ ғасырдың басында компьютер жайлы ешкім білмейтін. Ал бүгінде оларсыз іс бітпейді. Олар тек өткен ғасырдың ортасында ғана пайда болды. Осы қысқамерзім ішінде компьютерлердің өздері де адам танымастай болып өзгерді әрі біздің өмірімізге де түбегейлі өзгерістер әкелді.
  Суреттерге қарап, компьютерлік технология саласындағы прогресті көріңдер.

  Алғашқы компьютерлер өте үлкен болған және тұтас залдарға орналасқан (1946–1960).

  Компьютерлердің екінші ұрпағы азырақ орын алатын және өте көп есептеу операцияларын орындайтын (1960–1969).

  Компьютерлердің үшінші ұрпағы оларға қарағанда ықшамды әрі жылдам болатын (1970–1979).

  1980 жылдан бастап күні бүгінге дейін компьютерлердің төртінші ұрпағы қолданылуда. Жеке компьютерлер (ЖК) дәуірі басталды. Компьютерлер әр үйге жетті және кез келген кеңсенің бөлінбес бөлшегіне айналды.
  Қазіргі кезде техникалық прогресс орасан жылдамдықпен даму үстінде.
  Осы заманғы прогрестің формуласын «Неғұрлым жаңа көп ойлар енген сайын, соғұрлым жаңара береді» деп сипаттауға болады.

Сұрақтар мен тапсырмалар

1. Бүгінде мектеп болашақта өмір сүруді үйретеді. Сен қалай ойлайсың, болашақта прогреске ілесе алатындай болу үшін сабақта қандай қабілеттерді жетілдіру керек?
2. «Ғаламтор» сөзінің мәнісін түсіндір. Бүгінде ғаламтор арқылы қандай жұмыстарды орындауға болады?

1. Түрлі дереккөздерді пайдалана отырып, көлік, байланыс, тұрмыстық техника тәрізді салалардағы прогреске мысал келтіріңдер.
2. «Осы заманғы техника адамның өмірін жеңілдетеді ме әлде оны одан сайын қиындата ма?» деген сұрақты жұптарыңмен талқылаңдар.

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс

1. Адамзат қоғамының дамуында маңызды рөл атқарған 5-10 өнертабыстардан тұратын тізім жасаңдар.
2. Ойша болжам жасап, болашақтағы қоғамды сипаттап көріңдер. Таяудағы 50 жылдың ішінде қандай өнертабыстар өмірге келуі мүмкін.

×
×

Корзина