Бір түстің жылы және суық реңктері

   Реңктер де бояу түстері сияқты жылы және суық болып бөлінеді. Егер кез келген түс реңктерінде сары немесе қызыл түс басым болса, олар жылы реңктер болады. Ал көк түс басым болса, онда реңктер суыққа жатады. Сен жасыл түстің құрама түс екенін білесің. Ол сары және көк түстің қоспасынан тұрады.

Көгілдір түсті гуашьқа сары түсті көбірек қос. Бояуларды араластыра отырып, саусағыңды мал да, қағазға таңба түсір. Сонда жасыл түсті реңктердің бірнешеуін шығарасың. Олардың қайсысы жылы , қайсысы суық екенін анықта .

 №1 жұмыс дәптерінің 27-бетіндегі тапсырманы орында.

    Күлгін түс те екі түрлі – қызыл және көк түстерден құралған.

    Күлгін түске көк түсті көбірек қосқан сайын ол суық түске қарай өзгереді. Қызыл түс басымырақ болса, реңк түсі жылы болады.

1. Күлгін түстің реңкі солдан оңға қарай қалай өзгергенін айт.

2. Суреттегі күлгін түсті гүлдердің қайсысы жылы , қайсысы суық екенін айт.

     Алуан түрлі реңктер тек құрама түстерде ғана болмайды. Сонымен қатар негізгі түстер: қызыл , сары және көктің де көптеген реңктері бар .

    Мына түстер шеңберіне қарашы. Оған қарап бір түс екінші түске  реңктерін өзгерту арқылы ауысатынын бақылай аласың. Түсаралық реңктердің санын көбейту арқылы түстердің ауысуын аса байқалмайтындай етуге болады.

  1. Кемпірқосақтың түстері қалай орналасқан?

  2. Олардың орналасу ретін шеңбердегі түстердің орнала суымен салыстыр .

    Сонымен қатар кез келген түсті кез келген басқа түспен араластыруға болады. Сонда көптеген реңктер алынады. Суретке қара !

   Реңк атаулары

   Түс реңктерінің өз атаулары бар . Кейбір реңктер көгөніс, жеміс-жидектердің атауларымен байланысты болады. Мысалы , қарақат , қызылша, қызанақ, жасыл көк, т.б.

       Кейбір реңктер гүлдердің атауымен байланысты болады. Мысалы : қызғалдақ, сарғалдақ.

  1. Мына суреттердегі реңктерді ата .

  2. Реңк атаулары қандай сөздерден шыққан?

  3. Гүлдер мен жемістерге байланыстытағы қандай реңктерді атай аласың?

      Реңк ата улары та биғи жаратылыстардың, минералдар мен металдардың атымен де аталады. Мысалы , құм, көктеңіз, күміс, алтын, малахит түстес, т.б.

  1. Мына суреттердегі түс реңктерін ата .

  2. Қандай түс реңктерінің атауларын білесің? Есіңе түсір.

  3. Ол атаулардың қайдан шыққанын ойлан.

 №1 жұмыс дәптерінің 28–29-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

×
×

Корзина