Сұлба композициясын бірнеше тәсілмен жасауға болады. Біріншісі – аппликация тәсілі. Қара түсті қағазға адамның бейнесін салып, қайшымен қиып ал . Денесі, басы мен мойны бөлек қиылады. Аяқ-қолдарын екі бөліктен жаса, өйткені олар бүгілуі керек. Бірінші сыныпта қалай жасағаныңды есіңе түсір. Барлық бөлшектерді қағаз парағының бетіне қой (түсті болғаны дұрыс). Фигураны қозғалысты білдіретін белгілі бір қалыпқа келтір. Егер композиция ойыңдағыдай шықса, оларды ұқыптап желімде.