ТАНЫСТЫРУ, ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ

   Сенің ата -анаң бала кездерінде қандай ойындар ойнағанын білесің бе? Егер олардан сұрасаң, онда «Айгөлек», «Жасырынбақ», «Ақтерек–Көктерек» деген ойын атауларын естисің. Бұл ойындардың ережелері туралы сұра . Сыныпта ұмыт болған ойындардың фестивалін ұйымдастыруды ойлан.

   1. Өзің білетін ойын түрлері туралы айтып бер.

   2. Достарыңмен қандай ойын ойнайсың?

   3. Ойындар несімен ұнайды?

1. Жасаған жұмысың туралы айтып бер.

2. Оны қандай тәсілмен орындадың?

3. Қандай ойынды бейнеледің?

4. Қандай қабілетің мен біліміңді көрсеттің?

5. Жұмысың арқылы не айтқың келді?

  Интернеттен ойын түрлері мен олардың ережесі туралы мәліметтерді тауып оқып, сыныптастарыңмен бөліс.

    БІЛІМ МЕН БІЛІК ҚОРЖЫНЫ

1. Жазғы және қысқы ойын түрлерін ата .

2. Қазақ ұлттық ойын түрлерінің бірнешеуін ата .

3. Олардың шығу тарихы мен ережелері туралы не білесің?

4. Ойындар адамның қандай қасиеттерін арттырады?

1. Бейне сұлбасы дегеніміз не?

2. Оны жасау барысында не нәрсеге баса назар аударылады?

3. Бейне сұлбасын жасаудың қандай жолдарын білесің? Олардың бірі туралы айтып бер.

×
×

Корзина