Жануарлардың алатын орны

      Адамдар мен жануарлар қоршаған ортада өмір сүреді.                                                                                        Ерте кезде жануарлардың бәрі жабайы болды. Алғашқы адамдар оларды аулаған. Алайда кейінірек кейбір жануарларды қолға үйрете бастаған.                                                                                                                      Адамның алғашқы серіктерінің бірі ит болды. Содан бері ит адамның төрт аяқты досына айналды. Ит үйді күзетіп, малды жыртқыштардан қорғайды. Олар – аңшылардың нағыз көмекшісі. Иттер құтқарушы, жетелеуші, тіпті бала бағушы қызметін де атқарады. Колли тұқымдас иттер өте мейірімді екені белгілі. Иттер ғылымға да қызмет етеді.

       Ғарышқа адамнан бұрын сапар шеккен иттердің аты – Белка және Стрелка.  1960 жылдың тамыз айында бортында ғарышкер иттер бар ғарыш кемесі ұшырылды. Белка мен Стрелка біздің ғалам шарымызды 17 рет айналып шығып, жерге аман-есен оралды.

 №2 жұмыс дәптерінің 16–17-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

     Адамдар ұзақ уақыттан бері мысықпен достасып келеді. Мысықтар адамның баспанасын кеміргіштерден   қорғайды. Мысық көптеген отбасылардың сүйікті жануары . Олар адамға еркелеп, нағыз дос бола алады.

       Мысықтар үйдегі тышқанды аулап қана қоймай, мұра жайда да «жұмыс істейді». Мысалы , Ресейдің  ірі мұражайы  Эрмитажда  70-тен  аса  мысық бар .  Олар  мұражай  экспонаттарын   тышқандардан  қорғап, құтқарушы «қызметін» атқарады.

   Сен мысық туралы қандай қызықты мәліметтер білесің? Оны достарыңмен бөліс.

  1. «Қолға үйретті» дегенді қалай түсінесің?

  2. Мысықтың қандай пайдасы бар ?

№2 жұмыс дәптерінің 18–19-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

   Жануарларды қорғау

 Жануарлар әлемі алуан түрлі әрі бай. Өкінішке орай,  көптеген жануарлар жойылып кетті. Олардың қалған түрлерін сақтап қалу үшін, сирек кездесетін және жануарлар мен өсімдіктердің жойылып бара жатқан түрлері енетін Қызыл кітап деген бар .

   Халықаралық қызыл кітапты 1963 жылдан бері табиғатты қорғау Дүниежүзілік қоры шығарып келеді. Қызыл түс қатерді білдіретін түс ретінде жиі пайдаланылады. Ұйымдастырушылар осылайша адамдардың назарын жануарлардың жойылу қаупіне аударғысы келген. Кітап түрлі түсті парақтардан тұрады. Мысалы , қызыл түсті парақтарға жойылып бара жатқан және сирек кездесетін жануарлар (қабылан, амур жолбарысы, қар барысы және т.б.) енген. Жасыл түсті парақтарда құтқарылған жануарлар атауы жазылған (өзен құндызы, бұлан). 

  Біздің елімізде де Қызыл кітап бар . Интернеттен ол туралы мәліметтерді ізде. Бұл кітапқа қандай жануарлар енгенін қара .

×
×

Корзина