Қазақ қонақжайлылығының басты нышаны – қара қазан киелі деп саналады. Қымыз оюланған тегене немесе шараға құйылады. Тегенедегі қымызды кішкене ожаумен құяды. Шеберлер ожауды тұтас ағаштан ойып, әдемі етіп жасауға тырысқан. Етті ағаштан жасалған дөңгелек пішінді табаққа салады. Табақтың жиегіне ою ойып салған. Астау – ағаштан ойып жасалған ет салатын үлкен ыдыс. Ол тік бұрышты ұзынша пішінді. Тұтқасы зооморфтық өрнектермен әшекейленеді.