Монотипия жасаймыз

      Монотипия – шыны немесе қатырма қағаздың бетіне салынатын түсті дақтардың таңбалары . Таңба бір данамен ғана жасалады.                                                                                                                                         Жануарларды монотипия тәсілімен салу өте қызық.

Саған қағаз, бояу, қылқалам , қарындаш керек.

    ЖҰМЫСТЫҢ РЕТІ

1. Қатты қағаз парағына гуашь бояуларымен негізгі суретті сал .

2. Оның бетіне жұқа қағаз парағын жауып, қозғалтпай ұста .

3. Қағазды ақырын көтер. Қозғалтпауға тырыс.

4. Таңбаны ұсақ бөлшектермен толықтыр .

   Монотипия тәсілімен жұмыс істесең, қиялыңа қанат бітіреді.

Бір дақтың өзінде әртүрлі бейнелер «жасырынып» жатуы мүмкін.

1. Түсті таңба жаса. 2. Оны түрліше аудар . 3. Бір таңбаның өзінен неғұрлым көп бейне көруге тырыс. 4. Үлкендерден таңбаны түрлі түсті көшірмемен көбейтіп беруін сұра . 5. Таңбадан байқағаныңды жалғастырып сал . Таңбаны суретке түсір де, күңгірт қағазға шығарып ал . Одан соң ұсақ бөлшектермен толықтыр .

 № 2 жұмыс дәптерінің 22–23-беттеріндегі тапсырмаларды орында.

×
×

Корзина